ҚОРДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ - БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ

Болат Өтемұратов - дипломат, кәсіпкер, меценат. Forbes-тың қазақстандық тізімінің ең үздіктері қатарына кіреді. «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі акционері, Форте  және Касса Нова банктеріінің иесі. Бизнес мүдделері өрісі қаржы, телеком және медиа, қонақ үй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік және логистиканы, құрылыс материалдарды өндіруді, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортты қолдауға, мәдени құндылықтарды насихаттауға және денсаулық сақтауға жәрдемдесуге бағытталған.

2006 жылдан бастап Өтемұратовтың қамқорлығымен Нархоз университеті шетелдік сарапшыларды тарта отырып, жоғары білім берудің халықаралық стандарттарына бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру мекемесіне айналды. 2016 жылғы жағдай бойынша «Верный Капитал» компаниялар тобы техникалық жабдықтауға, спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, білім беру үрдісін модернизациялауға және халықаралық сарапшыларды тартуға 40 миллионнан  астам доллар бөлді.

«Университетті қайта құру біз үшін маңызды коммерциялық емес әлеуметтік жобалардың бірі болды, өйткені ел экономикасының дамуы үшін лайықты білім беру жүйесін, ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген іргетас қорды құру өте маңызды», - деп белгілейді Болат  Өтемұратов. Үздік оқушыларға арналған стипендия бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Верный Капитал» компаниялар тобы және ForteBank демеушілік ететін дарынды жастарға арналған 100 стипендия, сондай-ақ Болат Өтемұратовтың «Болашақ іскер-көшбасшылар» атаулы стипендия бес үздік студентке беріледі.

Қазақстанда Haileybury британдық мектептер желісі табысты жұмыс жасайды. Оның түлектері әлемдегі үздік университеттерге түседі.

2007 жылдан бастап Қазақстанның теннис федерациясының президенті болып табылады. Үлкен теннисті белсенді түрде дамытып, еліміздің ұлттық құрамаларын құруға, балалардың теннисін дамытуға және барлық ірі қалаларда теннис инфрақұрылымын салуға өз қаражатынан 65 миллион доллардан астам сома бөлді. Болат Өтемұратов - Халықаралық теннис федерациясының (ITF) және Азия теннис федерациясының (ATF) мүшесі. 2017 жылы Қазақстандағы теннистің дамуына қосқан үлесі үшін осы екі беделді ұйымнан  марапат алды. Облыс орталықтарында теннис орталықтарының кең желісі құрылды - олардың саны 3 есе өсті. Жасөспірімдер мен тәжірибелі спортшыларды халықаралық турнирлерге қатысуға дайындау үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жалпы қазақстандық жасөспірімдер 80-нен астам халықаралық турнирді жеңіп алды, оның ішінде түрлі Гран-прилер. Соңғы жылдары Қазақстанның ерлер құрамасы әлемнің ең мықты командаларының сегізіне кіре отырып, Дэвис Кубогының Әлем тобының ширек финалына бес рет шықты. 

TeamKazakhstan жобасына ерекше назар аудару жөн, ол қазақстандықтарға үздік ойыншылардың қатарына кіру мүмкіндігін береді. Бұл Дэвис Кубогының және Федерация Кубогының ұлттық құрама командаларында ойыншылардың өз теннистік қорын қалыптастыруға арналған бірегей спорт мектебі. Өткен жылы алғаш рет ITF және ATF бірлесіп, 14 Азия елінен келген теннисшілер қатысқан 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы Азияның командалық біріншілігі өтті. Жалпы, Қазақстанда жыл сайын ITF, ITF futures, ITF Juniors, ATF және ATP Challenger сериясының 40-қа жуық халықаралық турнир өткізіледі.

«Инфрақұрылымды құру, балалар теннисін дамыту және қызметкерлер мен жаттықтырушылардың кәсіби командасының еңбекті жұмысы қазақстандық теннисті сапалы жаңа халықаралық деңгейге шығарды. Осындай тәсілдемені спорттың басқа  түрлерінде де пайдалану, алдағы уақытта Қазақстанға маңызды спорттық іс-шараларды, соның ішінде әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізудің негізгі орталықтарының бірі болуға мүмкіндік береді деп сенемін», - Болат Өтемұратов теннис Федерациясының басшылығындағы 10-жылдық жұмысын осылайша қорытындылады.

Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерді белсенді қолдайды. Ол балетті және ұлттық биді дамыту және қолдау Қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады, Батыр Шүкенов қазақстандық музыкантының Қорын қолдайды,  Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының дарынды жас студенттері үшін үрмелі ағаш аспаптардың және стипендиялардың республикалық байқауын өткізуді  қаржыландырады. Оның қамқорлығымен Forte Bank Kulanshi Art Space көрме кеңістігінде Құланшы заманауи өнер Орталығының кезекті көрмелері өтеді. «Назарбаев Қорының» құрметті қамқоршысы.