Құрылтайшы туралы

Болат Өтемұратов - дипломат, кәсіпкер, меценат. Forbes-тың қазақстандық тізімінің ең үздіктердің ішіне кіреді. «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі жарнашысы.

Іскерлік мүдделері саласы қаржыларды, телеком және медиа, қонақ үй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік және логистиканы, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды. 

Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуда, спортты қолдауда, мәдени құндылықтарды насихаттауда жәрдемдесуге, сондай-ақ, көп балалы отбасылар мен техногенді апаттардан зардап шеккен тұлғалардың баспана мәселесін шешуге бағытталған. Қайырымдылық көмек көрсету кезінде Қор мақсаттылық, ашықтық, шапшаңдық және қаражатты мақсатты жұмсау қағидаттарын басшылыққа алады. 

Сөйтіп, коронавирустық пандемия басталған кезден «Верный Капитал» компаниялар тобы коронавирустық инфекциямен күресу жөніндегі республикалық қорға 1 млн доллар жіберді.  Сонымен қатар, Болат Өтемұратовтың Қоры жоғары тиімді экспресс-сынақтамаларды сатып алуға 200 млн теңге бөлді, олар тәуекел топтарындағы азаматтарды тегін тестілеу үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қ.қ. Денсаулық сақтау басқармаларына берілді.  Кейінірек Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен екі жылжымалы ПТР зертханасы сатып алынып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.  Қазақстанда коронавирустық инфекцияның шарықтау кезеңінде, 2020 жылдың маусым-шілде айларында, екі зертхананың мамандарынан құралған білікті топтардың күш-жігерінің арқасында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында COVID-19 жұқтырған тұлғаларды уақтылы анықтау жұмыстары жүргізілді.   
Мақтаарал ауданында бөгет бұзылғаннан кейін, 2020 жылдың мамырында меценат аймақтағы зардап шеккен отбасыларға 150 үй салуға 6 млн АҚШ доллары бөлінгенін жария етті.  Мырзакент а. ауқымды үйлердің құрылысы  апат кезінде зардап шеккен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің екінші жобасы болды.  Бір жыл бұрын Арыс қ. ату жарақтары қоймасы жарылған кезде үйінен айырылған 100 отбасы жаңа үйлерге ие болды.    
2006 жылдан бастап Өтемұратовтың қамқорлығындағы Нархоз университеті бизнес, заң және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші провайдер болуға, сонымен қатар оқыту, зерттеулерді өткізу, білім мен тәжірибелерді алмасу мақсатында Орталық Азияның  түкпір-түкпірінен жастарды тартатын дарынды жастар хабы болуға бағытталған. Білім беру үрдісін жаңғыртуға, халықаралық сарапшыларды жұмылдыруға, университетті техникалық жабдықтауға, сондай-ақ, спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 40 миллион АҚШ доллардан  астам қаражат бөлінді.

«Университетті қайта құру біз үшін аса маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болды, себебі ел экономикасының дамуы үшін лайықты білім беру жүйесін, үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенетін іргелі базаны құру маңызды», дейді Болат Өтемұратов. 

2016 жылдан бастап «Верный Капитал» компаниялар тобы Нархоз Университетінің 270 дарынды студенттері үшін шәкіртақылық бағдарламаның демеушісі болды. 20 оқушы Болат Өтемұратовтың «Болашақ іскер-көшбасшылар» атаулы стипендиясына ие болды.

Қазақстанда тағы бір қайырымдылық білім беру жобасы табысты жұмыс істеуде – Алматы және Нұр-Сұлтанда орналасқан Haileybury британдық мектептер желісі. Haileybury Kazakhstan оқушылары халықаралық олипиадалар, спорттық сайыстар және шығармашылық жарыстар жүлдегерлері болып табылады, ал мектеп түлектері әлемдегі үздік университеттерге түседі.

2007 жылдан бастап Болат Өтемұратов Қазақстанның Теннис федерациясының Президенті болып табылады. 2017 жылы теннистің дамуына қосқан үлесі Халықаралық теннис федерациясының және Азиялық теннис федерациясының «Қазақстандағы теннисті дамытудағы көрнекті жетістіктері үшін» сыйлығымен белгіленді. 2020 жылдың қазанында Қазақстанға алғаш рет теннистен беделді ATP 250 Astana Open турнирін Нұр-Сұлтан қ. өткізу сеніп тапсырылды.  Пандемия кезінде турнирді барлық санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға Теннис федерациясының күш-жігері ATP жоғары бағаланды.  
Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының (International Tennis Federation, ITF) Директорлар кеңесінің құрамына кіреді, ал 2019 жылдың қазанынан бастап ITF төрт вице-президенттерінің бірі болып табылады. 

Қазақстандағы теннисті дамытуға - елдің ұлттық құрама командаларын қалыптастыруға, ұлттық және халықаралық жарыстарды өткізуге, балалар теннисін дамытуға және теннис инфрақұрылымын салуға – меценат бөлген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 85 миллион АҚШ долларын құрайды. 

TeamKazakhstan жобасына ерекше назар аудару қажет, ол қазақстандықтарға үздік ойыншылардың арасында орнығуға мүмкіндік береді. Бұл Дэвис Кубогының және Федерация Кубогының ұлттық құрама командаларында ойыншылардың өз теннистік қорын қалыптастыру үшін құрылған бірегей спорт мектебі. Жалпы, Қазақстанда жыл сайын ITF, ITF futures, ITF Juniors, ATF және ATP Challenger сериясының 40-қа жуық халықаралық турнирлері өткізіледі.
 

«Инфрақұрылымды жасау, балалар теннисін жетілдіру және басқарушылар мен жаттықтырушылардың кәсіпқой командасының тиянақты жұмысы қазақстандық теннисті түбегейлі жаңа халықаралық деңгейге шығарды. Мұндай тәсілдемені басқа спорт түрлерінде де қолдану уақыт өте келе Қазақстанға әлемдік деңгейдегі маңызды спорттық іс-шаралар өткізуге арналған негізгі орталықтардың біріне айналуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – Теннис федерациясының басқарушысы ретінде атқарған 10 жылдық жұмысын Болат Өтемұратов осылайшы тұжырымдады.

Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерді белсенді қолдайды. Ол Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып табылады, қазақстандық музыкант Батырхан Шүкенов атындағы Қорды қолдайды, республикалық ағаш және жез үрмелі аспаптар байқауын және бүкіл ел бойынша музыкалық мектептер мен университеттердің талантты студенттеріне арналған шәкіртақыларды қаржыландырады.  Оның қамқорлығымен Forte Bank Kulanshi Art Space көрме кеңістігінде Құланшы Заманауи өнер орталығының тұрақты көрмелері өтеді.  Болат Өтемұратов Назарбаев Қорының құрметті қамқоршысы болып табылады.  Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі және коронавирус пандемиясы кезіндегі көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін Болат Өтемұратовқа 2020 жылдың қыркүйегінде «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.