Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы еліміздің солтүстігінде көктемгі су тасқындарынан зардап шеккен 197 отбасына 33 миллионнан астам теңге жалпы сомаға ақшалай жәрдем көрсетті.
Қайырымдылық қолдау «Көмек картасы» жобасының шеңберінде Қостанай облысында Қарамырза ауылы және Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының маңындағы аудандардың тұрғындарына көрсетілді.