

Болат Өтемұратов Қоры Globee® Awards for Impact 2026 халықаралық сыйлығының екі алтын жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар екі номинация бойынша да Best of Category мәртебесіне, яғни өз санаттарындағы барлық қатысушылар арасында ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Болат Өтемұратов Қоры Шәмші Қалдаяқовтың 100 жылдығына арналған «Shamshi 100» жобасының халықаралық концерттік турын аяқтады. Мадрид, Париж және Нью-Йоркте өткен концерт туры аясында композитордың әндері алғаш рет испан, француз және ағылшын тілдерінде шырқалды.

21 қазанда Мадридтегі Auditorio Nacional de Música концерт залында қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әлемі» концерті өтті. Композитордың таңдаулы әндері алғаш рет испан тілінде орындалған бұл кеш «Shamshi 100» халықаралық мәдени жобасы аясында Мадрид, Париж және Нью-Йоркте жоспарланған концерттердің алғашқысы болды.