Болат Өтемұратов – белгілі кәсіпкер, меценат. Ол - «Верный Капитал» компаниясының жобаларының негізгі инвесторы. Өтемұратов мырзаның іскерлік мүдделер саласы қаржы, телекоммуникация, медиа, қонақ үй бизнесі, жылжымайтын мүлік, табиғи ресурстар, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салаларын қамтиды.
Болат Өтемұратов
2014 жылы Болат Өтемұратов қайырымдылық қорын құрды, оның мақсаты - денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу арқылы Қазақстанда өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету. Қор іске асырған жобалардың жалпы құны 200 млн АҚШ долларынан асады.
Қор «Аутизм. Әлем барлығымыз үшін біреу ғана» көшбасшы жобаны іске асыруға 15 миллион доллар бөлді. Ол аутистік спектрдің бұзылуы (АСБ) бар балаларға ерте араласу және олардың отбасыларына қолдау көрсету бағдарламаларын көздейді. Тоғыз жыл ішінде «Асыл Мирас» 13 аутизм орталығының қолдауын АСБ бар 16 000-нан астам бала пайдаланды.
Қор Қазақстандағы географиялық тұрғыдан кең қамтылған және әр түрлі қызмет салаларында көптеген жобаларды іске асыратын санаулы ұйымдардың бірі болып табылады. Осы тәсілдің арқасында Қор төтенше жағдайларды қоса алғанда, ең қажет жерде жедел көмек көрсете алады. Жергілікті деңгейде шұғыл көмек көрсетумен қатар, Қор 2023 жылы Түркияға жер сілкінісінің жойқын зардаптарын жеңуге көмектесу үшін 5 миллион доллар бөлді. 2023 жылдың қазан айында Арселор Миттал шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер отбасыларына 1 миллион доллар бөлінді.
2024 жылы Қор Қазақстандағы ауқымды су тасқынының салдарын жоюға шамамен 22 млн доллар бөлді. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы қажетті көмек көрсетуге және Ақтөбе облысында 400-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталды.
Өңірлік дамуды қолдау мақсатында Қор елдің әр түрлі аймақтарында мемлекетке өтеусіз бере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға бірқатар жобаларға бастамашылық жасады. 2023 жылдың қыркүйегінде Қосшы қаласында Қор қаражатына салынған жаңа мектеп ашылды. Ол «жайлы мектеп» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін алғашқы мектеп болды. 2024 жылдың қыркүйегінде Алматы облысында тағы екі мектеп ашылды, ал қараша айында Қызылордада жаңа әуежай іске қосылды. Әуежай құрылысы бойынша жоба Қазақстандағы Eurobak сыйлығымен марапатталды. 2025 жылдың басында Қосшыда жаңа қоғамдық орталық ашу жоспарлануда.
Болат Өтемұратов Қоры жастарды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Еліміздің 234 мектебінің бағдарламасына студенттерге сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға көмектесетін бірегей көшбасшылық бағдарлама енгізілді. Сонымен қатар, тұрақты даму мәдениетін және командалық жұмысты қалыптастыру үшін Қор Алматы мен Астананың 36 мектебінде «Жасыл мектеп» (Зеленая школа») жобасына бастамашы болды. Бағдарлама шеңберінде балалар салауатты өмір салтын ұстану, өсімдіктерді отырғызу және өсіру дағдыларын үйренеді. Бүгінгі таңда екі бағдарламаға барлығы 40 000-нан астам оқушы қатысты.
Қайырымдылық қызметінен басқа, Болат Өтемұратов білім беру саласындағы жобаларды қолдайды. 2007 жылдан бастап ол Қазақстанның жетекші жеке университеттерінің бірі – Нархоз Университетіне қолдау көрсетеді. Болат Өтемұратов сонымен қатар Қазақстандағы Haileybury мектептерінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Мектептер тәуелсіз британдық мектеп білім беруі дәстүрінде кең бейінді гуманитарлық білім береді. Барлық түскен қаражат кадрлық әлеуетті дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және университет пен мектептердің білім беру сапасын арттыруға қайта инвестицияланады.
2007 жылы Болат Өтемұратов Қазақстан теннис федерациясының президенті болып тағайындалды. 2017 жылы оның теннисті дамытуға жұмсаған күш-жігері бағаланып, Халықаралық теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының «Қазақстанда теннисті дамытудағы үздік жетістіктері үшін» марапатына ие болды. Ол теннисті дамытуға және елдегі теннис инфрақұрылымын салуға 150 миллион доллардан астам қаражат бөлді.
2020 жылдан бастап Астана ATP 250 сериясының жыл сайынғы турнирлерін өткізеді. 2022 жылы турнир деңгейі бір рет ATP 500 деңгейіне көтерілді. 2024 жылы АТР 250 турнирі тұңғыш рет Алматыда өтті. Іс-шараға 50 мыңнан астам адам қатысты. АТР өкілдері мен ойыншылардың өздері Қазақстанда турнирді ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін атап өтеді: Almaty Open 30-дан астам көрсеткіш бойынша биылғы үздік 3 турнирдің біріне айналып, ойыншылардың жоғары бағасын алды, ол көрсеткіштердің қатарында корттардың сапасы, киім ауыстыратын бөлмелердің жайлылығы, көрермендердің қолдауы, жақсы ахуал және т. б. бар.
2015 жылдан бастап Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің мүшесі. 2023 жылдың желтоқсан айында ол ITF төрт вице-президентінің бірі болып екінші мерзімге тағайындалды.
Қазақстан теннис федерациясы басшысы ретінде 15 жылдық жұмысын қорытындылай келе, Болат Өтемұратов: «Инфрақұрылым құру, балалар теннисін дамыту және басқарушылар мен жаттықтырушылардың кәсіби командасының қажырлы еңбегі қазақстандық теннисті сапалы жаңа халықаралық деңгейге шығарды. Елена Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдондағы жеңісі, сондай-ақ ұлттық және жасөспірімдер құрамасының соңғы жетістіктері осыны растайды және Теннис федерациясын Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға инвестиция салуды жалғастыруға ынталандырады. Бұл сонымен қатар біздің жас ойыншыларымызды ынтамен жаттығып, халықаралық жетістікке ұмтылуға шабыттандырады», - деп атап өтті.
Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерді белсенді қолдайды. Ол сондай-ақ Батырхан Шүкенов қорын қолдайды және бүкіл ел бойынша музыкалық мектептер мен жоғары оқу орындарының дарынды оқушылары үшін шәкіртақылар бөледі. Оның қамқорлығымен Forte Bank ғимаратының Kulanshi Art Space көрме кеңістігінде «Құланшы» заманауи өнер орталығының тұрақты көрмелері өтеді.
2023 жылдың желтоқсанында Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесінің тәуелсіз мүшелері Болат Өтемұратовқа әлеуметтік саладағы көрнекті жобалары үшін «Жыл меценаты» сыйлығын берді. 2024 жылдың маусым айында Болат Өтемұратов қоры «Қоғамға қызмет ету» санатында Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (the American Chamber of Commerce in Kazakhstan) сыйлығын алды.
Марапаттар Астанада өткен AmCham жыл сайынғы рәсімінде тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.