Болат Өтемұратов бенефициарлық топтардың өмір сапасын және/немесе ұзақ мерзімді орнықтылығы бар объектілердің жағдайын жақсарту үшін меценаттық қызметін жүзеге асыруда жүйелік тәсілдемені ұстанады. Өзінің бизнес жүргізу қағидаттарын меценат қоғамдық қызметіне де аударады, сондықтан бұл әрқашанда ашық, нысаналы және нәтижеге бағытталған, тиімділігі бақыланатын көмек.
Қор мұраты:
Біз қоғамды алға бағыттайтын пайдалы және тұрақты шешімдерді жасау үшін адамдар, идеялар мен ресурстарды біріктіреміз.
Нәтижелілік
Біз ең тиімді жолмен ең жақсы нәтижеге жетуге ұмтыламыз.
Қамқорлық
Біздің жобаларымыз көмекке бәрінен де мұқтаж жандарға бағытталады.
Сенім
Біз өзіміздің жұмысымыз біздің бенефициарларымыздың, серіктестеріміздің, демеушілеріміздің, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқының сеніміне лайық болуына ұмтыламыз.
Жауапкершілік
Біз өзімізге сеніп тапсырылған қаражат пен бізге артылған үміттер үшін жауапкершілік көтереміз.
Ашықтық
Біз өз қызметімізде ашықпыз. Біз ашық коммуникациялық қызмет жүргіземіз, тұрақты есеп жариялаймыз және өз бенефициарларымыздың, серіктестеріміз бен демеушілеріміздің пікірлеріне құлақ салуға әзірміз. Біз ұдайы дамуға ұмтыламыз және жаңа тәжірибе, білімдер мен міндеттер үшін ашықпыз.

Болат Өтемұратов
Қордың негізгі қалаушы
Болат Өтемұратов – белгілі кәсіпкер, меценат. Ол «Верный Капитал» компаниясының жобаларының негізгі инвесторы. Бизнес мүдделері саласы қаржыларды, телеком және медиа, қонақ үй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік және логистиканы, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды.

Алмаз Шарман
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы
Медицина саласындағы көрнекті қазақстандық маман, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Қазақстанда және шетелде қоғамдық денсаулық сақтау, биомедициналық зерттеулер және денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық трансформациясы салаларындағы қызметімен кеңінен танымал. Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті. Ғалым Джонс Хопкинс университетінде жұмыс істеді, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарды және Назарбаев университетінің жетекшілерінің бірі болып, университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін әзірлеумен айналысты.

Жания Әубакірова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемдік аренада танытып жүрген көрнекті пианист. Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері. Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері. Густав Малер атындағы өнердің Еуропалық униясы сыйлығының және Польша алдындағы еңбегі үшін Алтын кірестің иегері.

Олжас Сулейменов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Ақын, жазушы-әдебиеттанушы, Қазақ КСР халық жазушысы (1990), Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Олжас Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын Францияда өте танымал, ондағы әдеби басылымдарда оның өлеңдері жиі жарияланып тұрады, мұнымен қоса Францияда оның бірнеше жинағы жарық көрген. Көпшілікке белгілі «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы.

Александр Винокуров
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Қазақстандық кәсіби велошабандоз. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). Испанияда өткен "Вуэлта - 2006" (Vuelta a España) додасының жеңімпазы әрі топтық жарыс бойынша олимпиада чемпионы. 2000 жылғы Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, 2004-2006 жылдардағы әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері. 2003 жылғы Тур де Франс жарысының күміс жүлдегері. Льеж Бастонь (2005-2010), Амстель Голд (2003), Париж - Ницца (2002-2003) әлемдік кубоктарының жеңімпазы. Полиция полковнигі. 2013 жылдан бастап “Астана” велотобының бас менеджері.

Арманжан Байтасов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Бизнесмен, журналист, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы, “31 арна” телеканалынын жане "Медиахолдинг ТАН" компаниялар тобынын негиздеушиси. Филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан журналистері академясының академигі. Байтасов мырза сонымен қатар Халықаралық Бизнес Академиясының қамқоршылар кеңесінің төрағасы және YPO (Young President’s Organization) қазақстандық бөлімшесінің мүшесі болып табылады.

Айнұр Кәрібозова
Қордың директоры
Айнұр Бағдатқызының халықаралық қатынастар, дипломатия, инвестицияларды ілгерілету және жоғары білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар.
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде, Ақпарат және талдау басқармасында Қазақстанның Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Білім министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Гүлмира Мурзалинова
Қаржы директоры

Ирина Аксенова
HR директор

Айжан Тугельбаева
Сыртқы коммуникациялар жөніндегі басшы

Темірлан Ербосынов
Зерттеу, даму және интернационализация бойынша директор

Жанар Рахимжанова
Ресурстық орталықтың басшысы
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ
Болат Өтемұратов – белгілі кәсіпкер, меценат. Ол — «Верный Капитал» компаниясының жобаларының негізгі инвесторы. Өтемұратов мырзаның іскерлік мүдделер саласы қаржы, телекоммуникация, медиа, қонақ үй бизнесі, жылжымайтын мүлік, табиғи ресурстар, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салаларын қамтиды.
2014 жылы Болат Өтемұратов Қазақстанда өмір сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамыту жобаларын қолдау мақсатында қайырымдылық қорын құрды. Қор жүзеге асырған жобалардың жалпы құны 240 миллион АҚШ долларынан асады.
Қор «Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасына 15 миллион доллар бөлді. Жоба аясында аутизм спектрі бұзылысы бар (АСБ) балаларға ерте араласу бағдарламалары мен олардың отбасыларына қолдау көрсету көзделген. Соңғы тоғыз жылда «Асыл мирас» аутизм орталықтарының 13 филиалы 17 000-нан астам балаға көмек көрсетті.
Қор – Қазақстандағы аз ғана ұйымдардың бірі, ол кең географиялық ауқымда жұмыс істеп, түрлі бағыттағы көптеген жобаларды жүзеге асырады. Осы тәсілдің арқасында Қор ең қажет сәттерде, соның ішінде төтенше жағдайларда да жедел көмек көрсете алады. 2023 жылы Қор Түркияға жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруге көмектесу үшін 5 миллион доллар, ал АрселорМиттал шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 1 миллион доллар бөлді.
2024 жылы Қазақстанда орын алған жойқын су тасқынының зардаптарын жою үшін шамамен 22 миллион доллар бөлінді. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және Ақтөбе облысындағы 400-ден астам отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге бағытталды. Өңірлік дамуды қолдау мақсатында Қор әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арнап жалпы құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын бірнеше жобаны бастады. Бұл нысандар кейін мемлекет меншігіне тегін берілді.
2023 жылдың қыркүйегінде Қордың қаржысына Қосшы қаласында жаңа мектеп ашылды. Бұл мектеп «жайлы мектеп» ұлттық стандартына толық сәйкес келетін алғашқы білім ордасы болды. 2024 жылдың қыркүйегінде Алматы облысында әрқайсысы 900 оқушыға арналған тағы екі осындай мектеп пайдалануға берілді. 2024 жылдың қарашасында Қызылорда әуежайының 7,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін 7 есеге арттырып, жылына 2 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Жоба Eurobak сыйлығымен марапатталды.
2025 жылдың наурызында Қосшы қаласында 8,5 мың шаршы метр аумақты қамтитын, 1000-нан астам адамға арналған жаңа қоғамдық-мәдени орталық ашылды. Орталықта спорт, білім беру және демалыс кеңістіктері біріктірілген. Сондай-ақ 2025 жылы Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайының құрылысы басталды, оның ашылуы 2026 жылдың күзіне жоспарланған.
Болат Өтемұратов қоры жастарды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы аясында 41 500 қазақстандық оқушы көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын меңгеріп, өз ойын тиімді жеткізуді және өзгелерге қамқор болуды үйренді. Тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қор Алматы мен Астананың 36 мектебінде «Жасыл мектеп» жобасын іске қосты. Бағдарлама аясында балалар салауатты өмір салты мен өсімдіктер отырғызу, күтіп-баптау дағдыларын үйренеді.
Қайырымдылық қызметінен бөлек, Болат Өтемұратов қоры білім беру саласындағы жобаларды да қолдайды. 2007 жылдан бері ол Қазақстандағы жетекші жеке жоғары оқу орындарының бірі – Нархоз университетін қолдап келеді. Сондай-ақ ол Haileybury мектептерінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Бұл мектептер Ұлыбританияның тәуелсіз білім беру дәстүрлеріне сай гуманитарлық бағыттағы кең ауқымды білім береді. Түскен барлық кірістер кадр әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және университет пен мектептердегі білім сапасын арттыруға қайта инвестицияланады.
2007 жылы Болат Өтемұратов Қазақстан теннис федерациясының президенті болып тағайындалды. 2017 жылы теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық және Азия теннис федерацияларының арнайы марапаттарына ие болды. Ол Қазақстанда теннисті дамыту мен инфрақұрылым салуға 150 миллион доллардан астам қаржы бөлді.
2020 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын ATP 250 сериялы турнирлер өткізіліп келеді. 2022 жылы турнир деңгейі уақытша ATP 500 форматына дейін көтерілді. 2024 жылы ATP 250 турнирі Астанадан Алматыға ауыстырылды. Оған 50 мыңнан астам көрермен қатысты. ATP өкілдері мен ойыншылар Қазақстандағы турнирдің жоғары ұйымдастырылу деңгейін атап өтті: Almaty Open 30-дан астам көрсеткіш бойынша (соның ішінде корт сапасы, киім ауыстыру бөлмелерінің жайлылығы, көрермендердің қолдауы мен атмосферасы) әлемдегі үздік үш турнирдің қатарына енді. 2015 жылдан бері Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы (ITF) директорлар кеңесінің мүшесі, ал 2023 жылдың желтоқсанында ITF-тің төрт вице-президентінің бірі ретінде екінші мерзімге қайта сайланды.
Қазақстан теннис федерациясын 15 жыл басқару қорытындысында Болат Өтемұратов былай деді:
«Инфрақұрылым құру, балалар теннисі мен кәсіби бапкерлер командасын дамыту бойынша атқарылған жүйелі жұмыс қазақстандық теннисті жаңа халықаралық деңгейге шығарды. Елена Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдондағы жеңісі, сондай-ақ ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының жетістіктері бұған дәлел. Бұл Федерацияны әрі қарай да теннисті дамытуға инвестиция салуға ынталандырады және жас спортшыларымыздың халықаралық жетістікке ұмтылуына шабыт береді».
Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерді дамытуға да белсенді қолдау көрсетеді. Ол Батырхан Шүкенов қорын және ел бойынша музыка мектептері мен ЖОО-лардың талантты шәкірттеріне арналған стипендия бағдарламаларын қолдайды. Оның қамқорлығымен Forte Bank Kulanshi Art Space көрме алаңында «Құланшы» заманауи өнер орталығының тұрақты көрмелері өткізіліп келеді. 2023 жылдың желтоқсанында Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесінің тәуелсіз мүшелері Болат Өтемұратовқа әлеуметтік саладағы үздік жобалары үшін «Жыл меценаты» марапатын табыстады. 2024 жылдың маусымында Болат Өтемұратов қоры Қазақстандағы Америка сауда палатасының (The American Chamber of Commerce in Kazakhstan) «Қоғамға қызмет ету» аталымы бойынша сыйлығын иеленді.