Jas Leader Akademiiasy

Jas Leader Akademiiasy

О проекте

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. 

Бағдарламаның мақсаты - 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету.

Оқушыларға қарым-қатынас, критикалық ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйретеді. Факультативті сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.  

Алдағы бес жыл ішінде бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады.

  • 5 млн долларов

    жобаның жалпы бюджеті

  • 5 жыл 

    жобаны іске асыру мерзімдері

  • 12 мың мектеп оқушысы

    бірінші жылы оқытылады