Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету

Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық ағаш үрме аспаптарда орындаушылар конкурсы

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық ағаш үрме аспаптарда орындаушылар конкурсы

26-30 қараша аралығында Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы ағаш үрмелі аспаптарда орындаушылардың І Республикалық байқауы өтті. Байқау бес аталым бойынша өтті: флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон-альт. 

Әділқазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша байқау жеңімпаздары болды:
«Флейта» аталымы:
II сыйлық - Елибаева Хадиша (Астана)
III сыйлық - Солтыханова Роза (Астана)

«Гобой» аталымы:
I сыйлық - Жайлаубаев Алмат (Астана)
II сыйлық - Алиев Ислам (Астана)
III сыйлық - Абдрахманова Лилия (Астана)

«Кларнет» аталымы:
II сыйлық - Дауткан Тлек (Астана)

«Фагот» аталымы:
I сыйлық - Аширматов Олжас (Алматы)
II сыйлық - Данабек Ерканат (Алматы)
III сыйлық - Сапабеков Талгат (Алматы)

«Саксофон-Альт» аталымы:

I сыйлық - Мусаипов Арухат (Алматы)
II сыйлық - Бемм Артур (Алматы)
III сыйлық - Мадениетов Мади (Алматы)

Байқаудың дипломанттары болды:

Даркенбаева Аружан (флейта, Алматы)
Данильченко Анна (кларнет, Алматы)
Даулет Толганай (кларнет, Астана)
 

Байқаудың финалында, 30 қарашада, жас музыканттар «Қазақстан Камератасы» оркестрі мен Николас Краузенің сүйемелдеуімен Моцарт пен Глазуновтың концерттік шығармасын орындады. Осы кеште Франциядан келген қазылар алқасының өкілі танымал ұжымның дирижері ретінде өнер көрсетті.

«Мен осында келгеніме және осындай керемет байқаудың қазылар алқасының құрамына кіргеніме қуаныштымын. Бұл үрмелі аспаптарды бағалаудың алғашқы тәжірибесі, бұған дейін мен Францияда, Швейцарияда өткен байқауларда қазылар алқасының мүшесі болғанмын, бірақ ішекті ойнаушылар арасында. Алматыда өтетін байқауға қатысушылардың деңгейі өте жоғары екенін атап өткім келеді. Күшті дайындық бірден сезіледі, және бұл іс-шара барлығы үшін маңызды болып табылады. Байқау жас әртістердің болашағына әсер етуі мүмкін екенін түсіну жанға жайлы», - деді дирижер және байқаудың қазылар алқасының бірі Николас Краузе (Франция).

Серіктестер