
Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету
Батырхан Шөкенов атындағы I Республикалық ағаш үрме аспаптарда орындаушылар конкурсы келесі үрме аспаптарда орындаушылар өзін көрсете алған тұңғыш ауқымды алаңшаға айналды:
• гобой
• кларнет
• саксофон
• фагот
• флейта
Конкурсқа барлығы 43 орындаушы қатысты. Финал 2018 жылғы 30 қарашада өтті. Қазылар алқасының құрамына атақты музыканттар Кристиан Элин (саксофон, Германия) және Николай Попов (флейта, Ресей), сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов (кларнет) кірді. Конкурстың жабылуына орай гала-концертке Батырдың саксофон бойынша ұстазы – Яков Матвеевич Ткаченко – 92 жасқа келген белгілі музыкант келді.