Жасыл мектеп

Жасыл мектеп

Жоба туралы

Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепке жылыжай орнатқан Алматы қаласында жобаның бірінші кезеңі бастау алады.  Алдағы екі жылда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары бастамаға қосылады, онда тағы 40 жылыжай орнатылады.   

Өсімдіктердің биосинтезі мен өсіп-өнуін қолдайтын, олардың өсуін жақсартып, өнімділігін арттыратын көк және қызыл диодтары бар ұзындығы 60 м болатын фито таспалар өсімдіктер үшін пайдалы жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Қыс мерзімінде көкөніс және жидек дақылдарының тоңдануын болдырмау үшін инфрақызыл жылытқыштар орнатылған және топыраққа жылыту кабелі төселген. 

Жылыжайдағы сабақтар мектеп бағдарламасын тәжірибелік сабақтармен толықтырады және мұғалімдер үшін қызықты факультатив сабақтарын өткізуге тамаша мүмкіндік болады.  Мектеп оқушылары көкөністер, жидектер мен шөптер өсіреді, ал жиналған егін мектеп командалары арасындағы демонстрациялық жобалар мен жарыстарда қолданылады.  

 

 
/
 

 

  • 56 жылыжай 

    Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 

  • 3 жыл 

    жобаны іске асыру мерзімдері 

  • 2 млн. доллар 

    жобаның бюджеті 

  •