Қосшыдағы мектеп құрылысы

Қосшыдағы мектеп құрылысы

О проекте

Қосшыдағы жаңа мектептің құрылысы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады. Жаңа мектеп оқу сыныптарымен қоса рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорттық және гимнастикалық залдармен, ақпарат орталығымен, зертханамен, шығармашылық студиямен және коворкинг кеңістігімен жабдықталады. Баскетбол-волейбол алаңшасы, мини-футбол алаңы мен жарыс жолдары бар, жоғарғы және бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға арналған ойын алаңшалары бар стадион қарастырылған. Ойын және спорт аймақтары полимерлі үгінді негізінде жұмсақ резеңкелі жабынымен жобаланған. Мектеп айналасында көпжылдық шөп гүлзары, жергілікті ағаштар мен бұталар түрлері отырғызылған әлі. Кіреберіс аймағы пандустармен, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған тактильдік жолдармен жабдықталатын болады.

  • 7,5 млр теңге

    жобаның жалпы бюджеті

  • 16 мың шаршы метр  

    үш қабатты мектептің жалпы ауданы

  • 1500 оқушы

    мектептің сыйымдылығы