Қосшы. Әлеуметтік мәдени-спорттық орталығы

Қосшы. Әлеуметтік мәдени-спорттық орталығы

Жоба туралы

Қосшыда 8500 ш.м. құрайтын, сыйымдылығы 1000 адамға арналған жаңа әлеуметтік мәдени-спорттық орталығының іргетасы қаланды. Құрылыс 2025 наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Құрылыс аяқталғаннан кейін құны 9,6 млрд. теңгені құрайтын жоба толықтай мемлекетке табыс етіледі. Алғашқы кірпішті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өзі қалап, бұл әлеуметтік жобаның жоғары маңыздылығын ерекше атап кетті.

«Бүгінгі біздің маңызды мақсаттарымыздың бірі – елорда іргесіндегі шағын қалашығынан қарқынды түрде дамыған заманауи қалаға дейін жеткізу. Келешек әлеуметтік мәдени-спорттық орталық біздің инвесторлар қаржысына салынып, Қосшы тұрғындарының сүйікті орны ғана емес, сонымен қатар бас қала қонақтары да үшін тартымды жеріне айналатынына сенімдіміз. Бүгін бұл жерде мәдени және ойын-сауық орындары жоқтың қасы. Бұл жоба түрлі жастағы азаматтардың барлығына да қызықты болмақ. Мен Ақмола облысы тұрғындарының алдында осындай әлеуметтік жауапкершілік танытқан Болат Өтемұратов қорына алғысымды білдіремін», - деп айтып кетті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

«Болат Өтемұратов қорының бірден-бір мақсаты – инновациялық жобалар арқасында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Жаңа комьюнити орталығы осындай жобалардың қатарынан, себебі ондай заманауи кешен елімізде алғаш рет салынбақ. Біз жергілікті халықтың сұранысы мен үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, безендіруге, құрылыс материалдарына және орталықтың ішкі құрылысы мен мазмұнына ерекше назар аудардық», - деп «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов бөлісті.

Көпфункционалды комплекс бірнеше бөлімнен тұрады – спорттық, мәдени-ойын-сауық және де білім беру. Онда 233-орынды кинозал, 300-орынды лекциялық зал, конференц-залдар, түрлі студиялар, кітапхана, көрме залдары, көп орынды спорт залдары, хореография залдары мен бассейин, медпункт, заманауи кафелер, арт-студиялар, екі қыс бақтары, кулинария студиялары, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған қосымша оқу орындары, кафе болмақ.

Комьюнити орталық – Болат Өтемұратов қоры салып, Қосшы қаласына сыйлық ретінде табыс ететін екінші жоба. Биыл қыркүйекте Қазақстандағы «Жайлы мектеп» стандарттарына салынған алғашқы 1500-орынды мектеп Қосшыда есігін айқара ашты.

 

 
/