Алматының Ботаникалық бағын қайта құру аяқталуға жақын қалды

Үш жаңа заманауи кіреберіс павильон, 17,7 га қоғамдық аймақтарды абаттандыру, өсімдіктерді суаруға тәулігіне қосымша 2760 текше метр су, ұзындығы 13 километр арықтар, бірталай километр тамшылы суару және автоматтандырылған суару жүйелері, 1500 төменгі жарықтандыру шамы, 130 бейнебақылау камерасы, 250 сәкі, 50 мың шаршы километр жаңартылған жолдар, 174,3 мың жаңа өсімдік – Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта құрудың қазіргі нәтижелері осындай.

Жобаға бақты қалпына келтіру және жаңарту, оның флорасын көбейту мақсатында, 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастама жасаған болатын. Оның жалпы қүны 15 млн. АҚШ долларын құрады.     
Бақты қайта құрудың аяқталуы маусым айының ортасына жоспарланған, қазіргі таңда мұнда Оңтүстік партердегі жүргінші жолдарды және жанама территориясымен өтетін Оңтүстік кіреберіске дейінгі автокөлік жолын салу, өсімдіктерді отырғызу әрі бақша жиһазын орналастыру жұмыстары жалғасуда. 


«Бұл қайырымдылық жоба, оның басталу сәтінен, біз үш негізгі принципті басшылыққа алдық. Біріншісі – бақтың өсімдіктеріне күтіп қарау, Ботаника және фитоинтродукция институтының қызмкетлерімен бірлесіп оның жасыл қорын сақтап қалу және көбейту. Екіншісі – шын мәнінде жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру үшін, дизайнында, сәулетінде және инфрақұрылымды жоспарлауда үздік тәжірибе мен сараптауды қолдану, экологиялық, жоғары сапалы құрылыс материалдарын пайдалану. Үшіншісі – жобаның ашықтығы және есептілігі, оның ішінде, қоғамдық қарастурыды өткізу мен әлеуметтік желілер арқылы қаланың белсенді тұрғындарымен әрі экологиялық ұымдармен қайта құру жұмыстары бойынша диалог құру», - дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.   
Қайта құру аясында бақта 174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылды, оның ішінде сирек түрлер мен сұрыптар – 1300 астам жаңа талдар (балқарағай, боз арша, шие, алма, алмұрт, қараөрік, емен, үйеңкі, қайын, жөкенің түрлері), 40 мың бұта, 130 мың астық тұқымдастар мен көпжылдық гүлдер, 3 мың раушан гүл. Жаңартылған бақтың шынайы әшекейлері болған сакуралар, «Шантеклер» алмұрты, қызыл жапырақты «Роял Ред» үйеңкісі (Еуропаның шектерінен тыс тұңғыш рет отырғызылған), магнолияның бірнеше сорты, Бонсай ағаштары секілді эксклюзивтер отырғызылған.
Қайта құру жобасының консультанты Игорь Глуховцев Алматының Ботаникалық бағы үшін жаңа өсімдіктер таңдау принциптері туралы былай деп әңгімелейді: «Жобаны іске асыру процесінде ағаштарды, бұталар мен көпжылдық өсімдіктерді таңдаау негізгі екі принципке негізделді. Біріншіден, қоғамдық аймақтарда парк-ландшафттық экспозициялар қалыптастыру, оларға максималды мәдени-ландшафттық тартымдылық беру үшін, түрлер мен сорттарды таңдау кезінде, өсімдіктердің Алматы қаласының жоғарғы жағының табиғи-климаттық шарттарына талаптары ескерілді. Екіншіден, Ботаникалық бақ үшін жаңа түрлер, сорттар мен нысандар іріктеу, сыннан өткізу және елді мекендерді көгалдандыруға енгізу жөніндегі ұсыныстамалар өзекті болып табылатындықтан, өсімдіктердің тізімдерін қалыптастыру кезінде Алматының Ботаникалық бағының жетекші мамандарының тілектері есепке алынды». 


Бақтың аумағында жаңа және бұрынғы өсімдіктерді суаратын судың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету үшін, сумен жабдықтау жүйесі түбегейлі қайта құрылды. Әрқайсысының қуаттылығы сағатына 40 текшеметр екі жаңа артезиан ұңғымасы бұрғыланды, бұрыннан бар екі ұңғыманың өткізгіштік қабілеті сағатына 20 текшеметрден 25 текшеметрге дейін ұлғайтылды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағында ағатын Кереңқұлақ өзенінен су жинағыш тартылды. Өзеннен баққа тәулігіне 600 текшеметр су келіп түсетін болады. Су жаңа арық желісі бойынша өтеді, оның ұзындығы 13 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, бақта тамшылатып суару және автоматты суару жүйелері тартылған. Оңтүстік партердегі үш жаңа тоған мен бұрыннан бар жаңғыртылған бөгендер де сондай-ақ жалпы суару жүйесінің бір бөлігіне айналды. 


Ботаникалық бақты заманауи, жайлы және экологиялық қоғамдық кеңістікке айналдыру үшін, оның ашық аймақтары түбегейлі қайта қаралды. Мұнда бұрынғы бір кіреберістің орнына үш жаңа кіреберіс павильон тұрғызылды. Келушілер баққа Тимирязев көшесінен, «Атакент» көрме орталығынан, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан кіре алады. Барлық павильондар табиғи материалдардан жасалған, оларды электрондық билеттендіру жүйелері және туристік қоғамдық орындарға тән инфрақұрылым – кәдесый дүкендері, шағын кафетерийлер, дәретханалар орнатылған. 


Солтүстік партер оның іргесі 1932 жылы қаланғандағы жоспарланған стилін сақтаумен және бірқатар бүгінгі заманның элементтерін үстеумен жаңғыртылған. Атап айтқанда, мұнда «құрғақ» фонтан мен осы аймақтағы микроклиматты жақсартуға арналған су өсімдіктері бар бөген пайда болды. Контурының бойымен, перспективаны ашып, және жетіспейтін сая құра отырып, гүлдейтін ағаштар (сакура) және бұталар отырғызылған. Партердің жоғарғы бөлігінде екі пергола тұрғызылған, онда тармақты раушан гүлдер өсетін болады. Жол жабыны жаңғыртылған және табиғи граниттен жасалған. 
Бақтың «жоғарғы» бөлігінде, алаңқайдың орнында перголамен және жағасындағы шезлонгтармен бірге үш көркем тоған және өте әдемі алуан шөпті өрісі бар Оңтүстік партер құрылған. Бірнеше жылдан соң үйеңкі, жөке және қарағай көшеттері саялы аллеялар береді. 
Ботаникалық бақтың бүкіл аумағы бойынша жолдар жаңғыртылды, олардың жалпы ауданы 50 мың шаршы метрден асты. 10 мың шаршы метр жаяу жолдар Қазақстанда қоғамдық аймақтарда тұңғыш рет қолданылған герман технологиясы бойынша экологиялық жабыннан жасалған. Партерлерде және жолдардың бойында 250 жаңа сәкі, ағаштардың табиғи циклына бөгет болмайтын 1500 төменді жарықтандыру шамы, сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 1300 видеобайқау камерасы орнатылған. Бақтың аумағында ыңғайлы бағдарлану және өсімдіктерді зерделеу үшін навигациялық нұсқағыштар мен ақпараттық табличкалар, сондай-ақ енді Android және iOS операциялық жүйесіндегі құрылғылар үшін қолжетімді мобильді қолданба көзделген. 
Бақта жас шамасынан, әуестіктерінен және басқа ерекшеліктерінен тәуелсіз барлық адамдар, соның ішінде қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтар үшін бірдей жайлы болады. Мұнда арбашалар үшін ыңғайлы пандустар тұрғызылған, ал барлық жаяу жүру аймақтарында тактильді жолшалар төселген, павильондарда арнайы жабдықталған дәретханалар бар.


«Ботаникалық бақтың ерекше мәртебесі мен қайта құру жобасына жұртшылық назарының жоғары деңгейін назарға ала отырып, біз әуел бастан оның толық ашықтығы мен көлегейсіздігін қамтамасыз еттік. Қайта құру концепциясы мен кеңістікті дамыту жоспары әлі 2018 жылдың жазында қоғамдық тыңдауларда жұртшылыққа ұсынылған болатын. Тыңдауларға қатысушылардың ұсыныстамалары мен тілектерін ескере отырып, сол жылдың күзінде қайта құрудың эскиздік жобасы ұсынылды. Үш рет БАҚ, қоғамдық және экологиялық белсенділердің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен баспасөз турлары өткізілді. Өткен жылы, құрылыс жұмыстары басталардың алдында, жобаның жекелеген құрауыш бөліктерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша бірнеше сатыда қоғамдық тыңдау өткізілді. Сонымен қатар, қайта құрудың барысы туралы Болат Өтемұратов Қоры БАҚ арқылы, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы құрылған беттерде («Бас ботаникалық бақты қайта құру» беттері) үнемі хабарлап отырады, онда кез келген пайдаланушының өзінің комментарийін қалдыруға, не болмаса сұрақ қоюға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.   
 

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 3123

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

02.04.2019 3218

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 2981

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді

27.03.2019 3231

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 2774

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті

31.01.2019 3119

“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 2657

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 2977

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 2709

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 3211

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 2605

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 3464

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті

13.06.2019 2717

3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде

25.06.2019 2712

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)

11.07.2019 2912

Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

20.06.2019 2627

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды

28.06.2019 2676

Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

16.09.2019 2472

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

26.08.2019 2196

24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.2019 2654

2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды

17.10.2019 2575

Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.

Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады

13.11.2019 2436

Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.

BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

12.11.2019 2062

Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді

10.12.2019 2348

Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

28.01.2020 1857

2020 жылғы 20 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Алматы облысындағы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады. Ол Burabike Fest 2019 VII спорттық-музыкалық фестивальдің қорытындылары бойынша медициналық жабдыққа ие болған алғашқы бенефициар болды.

ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛДЫ

10.02.2020 1478

10 ақпанда Болат Өтемұратов Қоры VII Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициары ретінде таңдалған Жаңақала аудандық ауруханасына (Батыс Қазақстан облысы) 58 миллион теңге жалпы сомаға жаңа медициналық жабдық табыстады.

Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері Алматыда «Аутизм. Әлеуеттер әлемі» төртінші халықаралық конференциясы өтеді

24.02.2020 1746

Біз қызығушылық танытқандардың бәрін, оның ішінде мамандарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен туыстарын, дәрігерлерді және аутизм мәселесімен айналысып жүрген дәрігерлер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз

Коммерциялық емес ұйымдардың назарына

24.02.2020 1765

Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.

ЕСІЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ BURABIKE FEST ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ БЕНЕФИЦИАР БОЛДЫ

18.02.2020 1303

Ақмола облысындағы аурухана 73 миллион теңгеге медициналық жабдыққа ие болды

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУЫР АСФИКСИЯСЫ БАР ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ АЛДЫ

04.03.2020 1442

Медициналық мекемеде суық су құйылған жылытқы мен мұздың орнына гипотермиямен емдеуге арналған заманауи аппарат қолданылатын болады

Маңызды жаңалық!

16.03.2020 1370

16-шы наурыздан 16-шы сәуірге дейін "Асыл Мирас" аутизм орталықтарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық.

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді

18.03.2020 1601

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға Қор организмде COVID19 вирусының орын алуын анықтауға арналған экспресс-тест жиындарын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлестікте мобильді талдау жүргізу пункттерін ұйымдастырады.

CDCнің аутизм туралы есебі

27.03.2020 1214

2020 жылғы 27 наурызда АҚШ Ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы (CDC) аутистік спектрдің ауытқуы (АСА) диагностикаланған балалардың таралуы туралы өзінің екі жылдық есебін жариялады. Зерттеудің қамту кезеңі: 2016 жыл.

Болат Өтемұратов Қорының Аутизм туралы хабарландыру күніне қарай жобасы

02.04.2020 1334

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл Болат Өтемұратов Қоры үшін маңызды күн.

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА 94 МЫҢ ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ӘКЕЛДІ

06.04.2020 1357

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табыстады. Қайырымдылық ұйымы жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлді.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда Covid-19 вирусына скрининг өткізіледі

08.04.2020 1463

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді және 94 мың экспресс-тест сатып алып, Нұр-Сұлтан мен Алматының денсаулық сақтау басқармаларына халықтың арасында скрининг жүргізу үшін тең бөліп берді.

ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

16.04.2020 1411

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан Қызыл Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесіп, табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен Қазақстанның азаматтарына ақшалай қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда.

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның солтүстігінде тасқын судан зардап шеккендерге 33 миллионнан астам теңге берді

25.04.2020 1552

Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы еліміздің солтүстігінде көктемгі су тасқындарынан зардап шеккен 197 отбасына 33 миллионнан астам теңге жалпы сомаға ақшалай жәрдем көрсетті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы ботаникалық бағының қайта құру жобасымен танысты

12.05.2020 2219

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарының барысында Бас ботаникалық бақта болып шықты. Мемлекет басшысы ботаникалық бақты қайта құрудың нәтижелерімен танысты. Жобаны 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастаған болатын.

Болат Өтемұратов Қоры COVID-19 арналған бірінші автоматтандырылған зертханалық кешенді табыстады

05.06.2020 2334

Астанада халық арасында коронавирустың жылдам және жоғары дәлдікті ПТР-скринингін жүргізуге арналған алғашқы модульдік зертханалық кешен іске қосылды. Мобильдігімен, биоқауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және зерттеу процессінің автоматтандырылғанымен ерекшеленетін бірегей зертхананы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіне Болат Өтемұратов Қоры тегін тапсырды.

Болат Өтемұратов Қоры Алматы қаласының Ботаникалық бағын қайта құру жобасының нәтижелерін қорытындылады

16.09.2020 497

Қайта құрудан кейін 15 маусымда ашылу сәтінен бастап үш ай ішінде Алматы ботаникалық бағына 210 мыңнан астам адам келді. Салыстыру үшін - өткен онжылдықтағы келу деңгейі бойынша ең жоғары болған 2017 жыл ішінде бақшаға 50 мыңға жуық адам келді. Қайта құру жобасын жүзеге асырған Болат Өтемұратов Қоры мен Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекшілері жаңартылған бақ жұмысының нәтижелерін шығарып, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Болат Өтемұратов қоры Мақтаарал ауданындағы су тасқыннан зардап шеккен 150 отбасыға үй сыйлады

19.10.2020 88

Болат Өтемұратов қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент қаласында былтыр көктемде болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған тасқын судан зардап шеккендерге арнап 150 үй салған. Бүгін үйлердің кілттері болашақ тұрғындарына ҚР вице-премьері Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевтің қатысуымен берілді.