Қызылорда әуежайындағы жаңа терминал беделді EUROBAK сыйлығымен марапатталды
Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.
Оның ауданы – 7500 шаршы метрді құрайды. Көліктің қолжетімділігін жақсарта отырып және инвестициялар мен туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, пайдалануға берілгеннен кейін ол әуежайдың өткізу қабілетін 7 есеге – жылына 2 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Терминал озық технологиялармен, оның ішінде телескопиялық траппен және жүкті автоматтандырылған өңдеу жүйесімен жабдықталған.
Жаңа терминалдың құрылысы үшін осы қайырымдылық жобасын іске асыруға 35 миллион доллар бөлген Болат Өтемұратов қоры «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясы бойынша Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығынан (EUROBAK) беделді марапатқа ие болды.
Сыйлықты тапсыру рәсімінде Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтті:
«Біз ұзақ мерзімді, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға деген ұмтылысымыздың резонанс тудырғанына және осындай беделді марапатқа ие болғанына қуаныштымыз. Қызылорда әуежайы – жай ғана көлік торабы емес, бұл өңірдің дамуына және оның тұрғындары үшін жағдайдың жақсаруына деген үміттің белгісі. Біз Қордың осы маңызды іске қосқан үлесін мақтан тұтамыз және жаңа терминалдың экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өсудің драйвері болатынына сенімдіміз».
Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа терминал қаланың коммуналдық меншігіне берілді және оның ресми ашылуы жақын арада болады деп күтілуде.
Әуежай құрылысы – Болат Өтемұратов қоры жүзеге асырған көптеген әлеуметтік жобалардың бірі. 2014 жылы құрылғаннан бері Қор Қазақстандағы денсаулық сақтау, білім беру, экология және әлеуметтік инфрақұрылымды қолдауға бағытталған бағдарламаларды белсенді түрде қолдауда.
2024 жыл Қор үшін мерейтойлық жыл болды, ол атқарған жұмысының 10 жылында қоғам мен жалпы елдің дамуына елеулі үлес қосып, әр түрлі қайырымдылық жобаларына 200 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды.
Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.
Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды
Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
"БАЛАМЕКЕН" жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді
150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады
Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады
Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті
“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.
Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды
Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.
ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.
"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ
"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!
Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты
Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты
ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды
Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.
Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді
Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.
Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті
3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.
Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде
Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.
Болат Өтемұратов Қоры Арыста 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлді (2 млн. Долл.)
Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.
Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады
Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.
Батырдың бүкіл жеке шығармашылығы бір жинақта шығарылды
Екі концерт, тоғыз музыкалық диск және бұрын шығарылмаған әндер Батырхан Шөкенов альбомдарының сый-тартулық топтамалық басылымына кірді. 28 маусымда ресми тұсаукесер болып өтті.
KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ
Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.
4 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.
ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.
Батырхан Шөкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері жарияланды
Олар - екі жоғары оқу орнының және екі мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.
Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады
Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.
BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы "Үздік волонтерлік жоба" номинациясында екінші орын алды.
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ
2020 жылғы 20 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Алматы облысындағы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады. Ол Burabike Fest 2019 VII спорттық-музыкалық фестивальдің қорытындылары бойынша медициналық жабдыққа ие болған алғашқы бенефициар болды.
ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛДЫ
10 ақпанда Болат Өтемұратов Қоры VII Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициары ретінде таңдалған Жаңақала аудандық ауруханасына (Батыс Қазақстан облысы) 58 миллион теңге жалпы сомаға жаңа медициналық жабдық табыстады.
Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері Алматыда «Аутизм. Әлеуеттер әлемі» төртінші халықаралық конференциясы өтеді
Біз қызығушылық танытқандардың бәрін, оның ішінде мамандарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен туыстарын, дәрігерлерді және аутизм мәселесімен айналысып жүрген дәрігерлер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз
Коммерциялық емес ұйымдардың назарына
Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.
ЕСІЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ BURABIKE FEST ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ БЕНЕФИЦИАР БОЛДЫ
Ақмола облысындағы аурухана 73 миллион теңгеге медициналық жабдыққа ие болды
ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУЫР АСФИКСИЯСЫ БАР ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ АЛДЫ
Медициналық мекемеде суық су құйылған жылытқы мен мұздың орнына гипотермиямен емдеуге арналған заманауи аппарат қолданылатын болады
Маңызды жаңалық!
16-шы наурыздан 16-шы сәуірге дейін "Асыл Мирас" аутизм орталықтарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық.
Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға Қор организмде COVID19 вирусының орын алуын анықтауға арналған экспресс-тест жиындарын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлестікте мобильді талдау жүргізу пункттерін ұйымдастырады.
CDCнің аутизм туралы есебі
2020 жылғы 27 наурызда АҚШ Ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы (CDC) аутистік спектрдің ауытқуы (АСА) диагностикаланған балалардың таралуы туралы өзінің екі жылдық есебін жариялады. Зерттеудің қамту кезеңі: 2016 жыл.
Болат Өтемұратов Қорының Аутизм туралы хабарландыру күніне қарай жобасы
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл Болат Өтемұратов Қоры үшін маңызды күн.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА 94 МЫҢ ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ӘКЕЛДІ
Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларына 47 мыңнан коронавирусқа экспресс-тесттің жиынтығын табыстады. Қайырымдылық ұйымы жобаны іске асыруға 200 миллион теңге бөлді.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда Covid-19 вирусына скрининг өткізіледі
Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді және 94 мың экспресс-тест сатып алып, Нұр-Сұлтан мен Алматының денсаулық сақтау басқармаларына халықтың арасында скрининг жүргізу үшін тең бөліп берді.
ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан Қызыл Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесіп, табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен Қазақстанның азаматтарына ақшалай қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда.
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның солтүстігінде тасқын судан зардап шеккендерге 33 миллионнан астам теңге берді
Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы еліміздің солтүстігінде көктемгі су тасқындарынан зардап шеккен 197 отбасына 33 миллионнан астам теңге жалпы сомаға ақшалай жәрдем көрсетті.
Алматының Ботаникалық бағын қайта құру аяқталуға жақын қалды
Үш жаңа заманауи кіреберіс павильон, 17,7 га қоғамдық аймақтарды абаттандыру, өсімдіктерді суаруға тәулігіне қосымша 2760 текше метр су, ұзындығы 13 километр арықтар, бірталай километр тамшылы суару және автоматтандырылған суару жүйелері, 1500 төменгі жарықтандыру шамы, 130 бейнебақылау камерасы, 250 сәкі, 50 мың шаршы километр жаңартылған жолдар, 174,3 мың жаңа өсімдік – Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта құрудың қазіргі нәтижелері осындай.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы ботаникалық бағының қайта құру жобасымен танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарының барысында Бас ботаникалық бақта болып шықты. Мемлекет басшысы ботаникалық бақты қайта құрудың нәтижелерімен танысты. Жобаны 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастаған болатын.
Болат Өтемұратов Қоры COVID-19 арналған бірінші автоматтандырылған зертханалық кешенді табыстады
Астанада халық арасында коронавирустың жылдам және жоғары дәлдікті ПТР-скринингін жүргізуге арналған алғашқы модульдік зертханалық кешен іске қосылды. Мобильдігімен, биоқауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және зерттеу процессінің автоматтандырылғанымен ерекшеленетін бірегей зертхананы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіне Болат Өтемұратов Қоры тегін тапсырды.
Болат Өтемұратов Қоры Алматы қаласының Ботаникалық бағын қайта құру жобасының нәтижелерін қорытындылады
Қайта құрудан кейін 15 маусымда ашылу сәтінен бастап үш ай ішінде Алматы ботаникалық бағына 210 мыңнан астам адам келді. Салыстыру үшін - өткен онжылдықтағы келу деңгейі бойынша ең жоғары болған 2017 жыл ішінде бақшаға 50 мыңға жуық адам келді. Қайта құру жобасын жүзеге асырған Болат Өтемұратов Қоры мен Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекшілері жаңартылған бақ жұмысының нәтижелерін шығарып, алдағы жоспарлары туралы айтты.
Болат Өтемұратов қоры Мақтаарал ауданындағы су тасқыннан зардап шеккен 150 отбасыға үй сыйлады
Болат Өтемұратов қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент қаласында былтыр көктемде болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған тасқын судан зардап шеккендерге арнап 150 үй салған. Бүгін үйлердің кілттері болашақ тұрғындарына ҚР вице-премьері Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевтің қатысуымен берілді.
2020 жылдың қараша айында Батырхан Шүкеновтің пошта маркасы айналымға енгізілді
Жақын адамдарыңның қолжазбасын тану қабілеті - олардың көпшілік арасында күлкісін есту, жүріс-тұрысы бойынша алыстан тану, көру қабілетіңіз -3.5 болса да, бейнесін ажырата білу сияқты білім саласынан. Алайда, басқа қалада тұратын досыңызға, жақын адамыңызға, ата-әжеңізге өз қолыңызбен хат жазғаныңыз есіңізде бар ба? Олардың қолжазбаларын білесіз бе? Олар сіздің қолжазбаңызды біледі ме?
«Асыл Мирас» Аутизм Орталығында ашық есік күні өтті
Аутизм проблемасы, оның белгілері мен салдары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру - осы мақсатта бүгін Болат Өтемұратов Қоры іске асыратын «Аутизм. Баршымызға бір әлем» атты бағдарламасының аясында «Асыл Мирас» Аутизм Орталығында Ашық есік күні өтті.
Жылдам шешімдер мен үлкен жетістіктер жылы: Болат Өтемұратов Қорының қорытындылары
2020 жылы жеке қайырымдылық ұйымы коронавируспен күресуге, мұқтаж жандарға үйлер салуға, Алматы қаласының ботаникалық бағын қайта құруды аяқтауға және басқа да әлеуметтік жобаларға 5,2 млрд. теңге бағыттады
Қазақстандағы тоғызыншы «Асыл Мирас» Аутизм Орталығы Павлодарда ашылды
Павлодар облысында аутистік спектрдегі ауытқулары бар балалармен жұмыс істеудің үздік әлемдік тәжірибелері мен әдістері енгізіледі. Бүгін мұнда Болат Өтемұратов қоры мен Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен күшімен құрылған «Асыл Мирас» Аутизм Орталығының ашылуы өтті.
Дүниежүзілік аутизм туралы хабардар ету күнінде Болат Өтемұратовтың Қоры ерте диагностиканың маңыздылығы туралы еске салды
Аутизм, оның себептері мен белгілері туралы білімді жоғарылату аутизм спектрі бұзылған (АСБ) баланың және оның отбасы өмірінің сапасын едәуір жақсарта алады. Дүниежүзілік аутизм туралы хабардар ету күнінде «Асыл Мирас» орталығының мамандары ата-аналармен және оқытушылармен вебинарлар мен онлайн кездесулер өткізіп, уақытында көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы еске салады.
Болат Өтемұратовтың Қоры «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі - Елбасы» акциясын қолдады
Болат Өтемұратовтың Қоры ұйымдастырған 4 000 азық-түлік себеті елдің ең тығыз қоныстанған қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда тұрғындарына жеткізіледі.
Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккендер Болат Өтемұратовтың қорынан 43 млн. теңгеден астам қаражат алды
Қазақстанның Қызыл Жарты Ай, Болат Өтемұратов Қоры және Fortebank іске асырған «Көмек картасы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 861 тұрғынына жалпы сомасы 43 млн. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі. Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Петропавл қ. қала маңындағы саяжай аумағы су басқан аймақ аясында болды.
Болат Өтемұратов қоры Риддердегі ірі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге бөледі
Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар Болат Өтемұратовтың қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн. теңгеден алады. «Көмек картасы» Болат Өтемұратовтың қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank-пен бірлесіп жүзеге асырылған жобасы.
Болат Өтемұратовтың Қоры және Қазақстанның Қызыл Жарты айы Риддердегі ірі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті
10 мамырдағы өрт кезінде үйлері өртеніп кеткен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары Қазақстанның Қызыл Жарты айымен және Fortebank-пен бірлескен жоба аясында Болат Өтемұратов Қорынан жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайтын «Көмек карталарын» алды.
Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады
Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты - 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету
Болат Өтемұратов Қоры «жасыл мектептер» жобасын іске қосу туралы жариялайды
Жобаның бірінші кезеңі Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепте жылыжай орнататын Алматы қаласынан басталады. Алдағы екі жылда тағы 40 жылыжай орнатылатын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары осы бастамаға қосылады. Алғашқы жылыжай Алматы қаласы Жетісу ауданының № 177 мектебінде ашылды.
Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді
Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.
Түркістан және Түркістан облысының мұғалімдері Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы бойынша дайындықты бастады
Болат Өтемұратов Қоры Jas Leader Akademiiasy бағдарламасын түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында бастады. Бағдарламаның міндеті – 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі - бұл қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.
Алматылық оқушылар "Жасыл мектеп" жылыжайларында көкөніс егіп, оны өздері тұтынады
Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған "Жасыл мектеп" жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады. Жылыжайлардың бірінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болып, қияр тұқымын екті
Болат Өтемұратов Қоры Арал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады
Қызылорда облысы Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері болашақ тұрғындарына тыбас етілді.
Болат Өтемұратов қоры Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салады
Қызылорда облысының әкімдігі "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Мақтааралда мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды. Жаңа баспаналарды кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры тарту етті.
Мектеп жылыжайлары және жаңа әуежай терминалының құрылысы: Болат Өтемұратов Қоры жыл қорытындысын шығарды
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді. Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
«Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісі Алматыдағы қызметін кеңейтуде
«Асыл Мирас» аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көш., 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.
Алматыда Батырхан Шөкеновтың “Отан Ана” винил пластинкасы жарық көрді
Батырхан Шөкенов атындағы Қор және Болат Өтемұратов Қоры сіздермен Батырхан Шөкеновтың “Отан Ана” альбомының винил пластинкасының шектеулі таралымының шыққанын қуанышпен хабарлайды.
«Асыл Мирас» аутизм орталығы Тараз қаласында жұмысын бастады
Бүгін Таразда аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау мақсатында жаңа «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Тараз қаласы Болат Өтемұратов Қорының аутизм орталықтар желісі жұмыс істейтін Қазақстандағы оныншы қала болды. Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесе отырып ашылған орталық келесі мекенжай бойынша орналасқан: Асқаров к., 47, және жылына 300 балаға дейін қабылдай алатын болады.
Қиратушы тасқындардан зардап шеккен 1 000 астам адам 110 млн теңгеге көмек алды
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Айы ұйымымен және ForteBank-пен бірге 110 млн теңгеден астам жалпы сомаға көктемгі су тасқыны нәтижесінде зардап шеккендерге “Көмек карталарын” берді. Атаулы қаржылық көмек Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына 224 отбасына қиратушы тасқындардың салдарын жоюға жіберілді.
Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуге 111 млн теңге бөлінді
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл айымен және ForteBank-пен бірлесіп Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарындағы жаңбыр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылық көмек көрсетті. Осы мақсатта 111 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, орта есеппен әрбір отбасы 600 мың теңге алды.
Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады
2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында бір жарым мың оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Құны шамамен 7,5 миллиард теңгені құрайтын қайырымдылық жобаны Болат Өтемұратов Қоры қаржыландырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мектеп қалаға өтеусіз беріледі.
Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды
Болат Өтемұратов Қоры Қорқыт ата әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды. «Верный Капитал» тобы жүзеге асырып жатқан жобаның бағалау құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан қаланың коммуналдық меншігіне тегін беріледі.
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге сомасына көмек көрсетті
Үйлері су тасқынынан бүлінген 4 мыңнан астам қазақстандық «Көмек картасы» жобасы аясында атаулы қаржылай көмек алды.
Алғышқы жас лидер форумына Алматы қаласында Шымкент пен Түркістаннан 500 оқушы жиналады
Жас лидер форумы шілде айының бірінші жартысында Алматы қаласында өтеді және Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасының бірінші жылының қорытындысын шығару алаңына айналады. Форумға жыл ішінде әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен жалпы білім беретін мектептердің 500 үздік оқушылары қатысады.
Нұр-Сұлтанда "Жасыл мектептер" жобасы іске қосылды
Елордада "Жасыл мектеп" жобасы таныстырылды, оның аясында жалпы білім беретін 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады. Бүгін Нұрсұлтан қаласының әкімдігіне алғашқы жылыжай таныстырылды. Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан жоба эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған. Ол Алматы мектептерінде жемісті іске асырылып жатыр, өткен оқу жылында жобаға қатысушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. Елордалық оқушылар бастамаға жаңа оқу жылынан бастап атсалысады.
Алматыда өткен форумға Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының 450-ге жуық түлегі қатысты
Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы 2021 жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 50 мектебінде іске қосылды. Оқу жылы ішінде 5-11-сыныптардың 12,5 мыңға жуық оқушысы сыни тұрғыдан ойлауға, топта жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеп, өз пікірін дәлелді жеткізуге үйренді. Жоғары белсенділік пен ынта танытқан 450 мектеп оқушысы Алматыда екі лекпен өтіп, 17 шілдеде аяқталған бірінші Jas Leader форумының қатысушысы болды.
Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы Қызылорда мен Жамбыл облысындағы 150 мұғалімнің дайындығын бастады
Болат Өтемұратов Қоры жаңа кезеңі Қызылорда мен Жамбыл облысының оқушыларына арналған Jas Leader Akademiiasy бағдарламасына қолдау көрсетеді. Әр өңірде 25 мектептен 75 мұғалім 5-11 сынып оқушыларына көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көмектесетін әдістемелік оқудан өтеді. Балаларға мектепте оқытылмаған сұранысқа ие дағдылар үйретіледі - бұл қатысым дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысына көмекке 1,1 млрд теңге бөледі
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық ауруханасының базасында инсульт орталығын құруға және қондырғылармен қамтуға 1 млрд теңге бөледі. Үйлері өртеніп кеткен отбасылар 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады.
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті
Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.
Джокович, Алькарас, Медведев және Оже-Альяссим Астанадағы аутизм орталығында болды
Беделді жарыстағы матчтарының қарсаңында теннисшілер әлеуметтік іс-шараларға уақыт бөлді, деп хабарлайды ҚТФ. Елордадағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына келген балалар мен ата-аналар спорт жұлдыздарын алғашқылардың бірі болып қарсы алды. Болат Өтемұратов Қоры аутизмі бар балаларға арналған осындай орталықтарды Қазақстанның 10 қаласында ашты
Алматыда Орталық Азия композиторлары үшін BATYR LAB резиденциясының нәтижелері ұсынылды
2021 жылы Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қоры мен Болат Өтемұратов Қоры құрған Орталық Азия композиторларына арналған Батыр зертханасының екінші резиденциясы аяқталды.
2022 жылғы 29 және 30 қарашада Алматыда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» конференциясы өтеді
Конференцияда аутизмді зерттеу саласындағы жетекші халықаралық мамандар, озық әдістемелерді әзірлеушілер және АСБ бар балалардың ата-аналары сөз сөйлейді
Алматыда аутизм бойынша халықаралық конференция басталды
29 және 30 қарашада Алматыда Болат Өтемұратов Қоры мен Нархоз Университеті «АУТИЗМ. МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» IV Халықаралық конференциясын өткізеді.
Болат Өтемұратов Қоры Қосшыда қоғамдық орталық салады
Болат Өтемұратов Қоры қазақстандықтар үшін заманауи әлеуметтік нысандарды салуды жалғастыруда. 2025 жылдың наурыз айына таман Қосшы қаласында тұрғындар спорт секцияларына, музыка сабақтарына және мәдени шараларға қатыса алатын жаңа қоғамдық орталықты пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс аяқталғаннан кейін орталық қаланың коммуналдық меншігіне өтеусіз беріледі.
Алматыда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» IV Халықаралық конференциясының жұмысы аяқталды
Болат Өтемұратов Қорының шақыруымен Қазақстаннан, Қырғызстаннан, АҚШ-тан, Польшадан, Ресейден және басқа да елдерден 560 қатысушы мен спикерлер Алматыға келіп, екі күн ішінде Нархоз Университетінің қабырғасында өз тәжірибелерімен, әдістемелерімен, білімдерімен бөлісті.
«Асыл Мирас» аутизм орталығы Қарағандыда жұмысын бастады
Жаңа «Асыл Мирас» орталығында аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау бойынша топтық және жеке сабақтар басталды. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған және Қарағанды қаласы Аманжолов көшесі, 92 мекенжайы бойынша орналасқан бұл орталық Қазақстанның түрлі қалаларында жұмыс істейтін Болат Өтемұратов Қорының аутизм орталықтары желісінде он бірінші болды.
Еліміздегі ең ірі аутизм орталығы Астанада жұмысын бастайды
Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні қарсаңында Болат Өтемұратов Қоры Астанада аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларға арналған жаңа орталық ашты. Бұл орталық Елордада екінші және Қазақстан бойынша «Асыл Мирас» желісінде он екінші орын алды. Ол Достық көшесі, 13, «Нурсая 2» ТК мекенжайында орналасқан.
Қосшыда 1500 мың оқушыға арналған мектеп ашылды
Бүгін Қосшы қаласында Болат Өтемұратов қорының «Верный Капитал» компаниясымен бірлесе салған орта білім беру мектеп-гимназиясының есігі айқара ашылды.
V халықаралық аутизм-конференциясында аймақтық Kasari Lab зертханасын ашу туралы ниет білдірді
Aутизм тақырыбы аясындағы әлемнің үздік сарапшылары «Асыл Мирас. Аутизм. Баршамызға бір әлем» атты V халықаралық конференциясына 26-27 қыркүйекте қатысады.
Қосшыда заманауи демалыс орталық салынады
Қосшыда 8500 ш.м. құрайтын, сыйымдылығы 1000 адамға арналған жаңа әлеуметтік мәдени-спорттық орталығының іргетасы қаланды. Құрылыс 2025 наурыз айында аяқталады деп күтілуде
Болат Өтемұратов жыл меценаты атанды
7 желтоқсанда Алматыда Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарада филантропия үздіктерін анықтады
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 680 млн теңгені бөлді
680 млн теңге көлеміндегі көмекті Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жолдады
2 сәуірде Қазақстанда дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі
Аутизм туралы ақпаратты арттыру мақсатында Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен еліміздің 12 қаласында орналасқан «Асыл Мирас» аутизм орталықтарында сәуірде ашық есік күндері өтеді
Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге жіберді
Болат Өтемұратов қоры Ақтөбе облысының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 10 миллиард теңге көлемінде кезекті ақшалай қаражат бөлгенін хабарлады.
Болат Өтемұратов қоры Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй ресімдеуді бастады
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылында Болат Өтемұратов қоры су тасқынынан зардап шеккен жиырма отбасы үшін үйлерді ресімдеу процесін бастады. Бес отбасы жаңа үйлерге ие болды. Бұл - Қордың табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының алғашқы қадамы.
Ақтөбе облысынан 419 отбасы Болат Өтемұратов Қорынан баспана алады
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Қор облыстың 419 отбасы үшін тұрғын үйді салу мен сатып алуды қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Алматы әуежайында Autism Friendly жобасы іске қосылды
Болат Өтемұратов қоры Алматы қ. Туризм басқармасымен бірлесіп, Autism Friendly бастамасы шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының 300 қызметкеріне аутизм спектрі бұзылған (АСБ) жолаушылармен өзара іс-қимыл дағдыларын үйретеді. Бұл халықаралық бастаманың негізгі міндеті - қалалық кеңістіктер мен мекемелерді аутистер үшін қауіпсіз және қол жетімді ету. Бүгін Қор, Алматы халықаралық әуежайы және Алматы қаласының Туризм басқармасы арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды.
Болат Өтемұратов Қоры Америкалық Сауда Палатасының премиясын алды
Жеңімпаздар тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.
Қосшыдағы мектепке «А» класындағы энерготиімділік таңбасы берілді
«А» рейтингін алған мектеп ғимараты басқа талданған 100 жаңа мемлекеттік мектеппен салыстырғанда энергия тиімділігінің ең жоғары жобалық класына ие.
Қосшыдағы мектепке «А» класындағы энерготиімділік таңбасы берілді
«А» рейтингін алған мектеп ғимараты басқа талданған 100 жаңа мемлекеттік мектеппен салыстырғанда энергия тиімділігінің ең жоғары жобалық класына ие.
Ақтөбе және Ақмола облыстарында 87 отбасы жаңа баспанаға ие болды
Кезекті жұмыс кезеңі барысында Ақтөбе қаласындағы 44 отбасы мен Көкшетау қаласындағы 43 отбасына пәтер кілттері тапсырылды.
«Өскенде президент боламын». Қазақстан оқушылары көшбасшылық машықтар оқытуынан өтті
Үш жыл қатарынан ең белсенді және ынталы оқушылар Алматыға жазғы лагерь форматында өтетін Jas Leader форумына шақырылады.
Есік қаласында 900 оқушыға арналған жаңа заманауи мектеп ашылды
Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жаңа оқу орнында бірден 900 оқушы оқиды.
Ақтөбе облысында 100-ден астам отбасы су тасқынынан кейін жаңа үйге ие болды
Қобда ауылында 98 үй, одан бөлек Жарық ауылында тағы 17 үй салынды, олардың барлығы да Болат Өтемұратов қорының қолдауымен салынды.
Алматыда әлемдік теннис жұлдыздары аутизм спектрі бар балаларға қолдау көрсетті
2024 жылы Алматыда алғаш рет ATP 250 Almaty Open халықаралық теннис турнирі өтуде, бұл Қазақстан үшін маңызды спорттық шара болды.