Алматы әуежайында Autism Friendly жобасы іске қосылды
Болат Өтемұратов қоры Алматы қ. Туризм басқармасымен бірлесіп, Autism Friendly бастамасы шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының 300 қызметкеріне аутизм спектрі бұзылған (АСБ) жолаушылармен өзара іс-қимыл дағдыларын үйретеді.
Болат Өтемұратов қоры Алматы қ. Туризм басқармасымен бірлесіп, Autism Friendly бастамасы шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының 300 қызметкеріне аутизм спектрі бұзылған (АСБ) жолаушылармен өзара іс-қимыл дағдыларын үйретеді. Бұл халықаралық бастаманың негізгі міндеті — қалалық кеңістіктер мен мекемелерді аутистер үшін қауіпсіз және қол жетімді ету. Бүгін Қор, Алматы халықаралық әуежайы және Алматы қаласының Туризм басқармасы арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды.
Әуежайдың жерүсті қызметінің қызметкерлері ерекше қатынасқа мұқтаж жолаушылармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтитын үш күндік оқытудан өтеді.
Оқу курсы әуежай қызметкерлеріне ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды анықтауға және ғимаратқа кіргеннен, тіркеу және тексеру процестерінен өтуден бастап, әуе кемесінің бортына отырғанға дейін оларға әуежайда өздерін жайлы сезінуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Autism Friendly» жобасының негізгі мақсаты — әуежай қызметкерлерінің АСБ клиенттердің өзара қарым-қатынасы мен оларға қызмет көрсету бойынша хабардарлығын арттыру және практикалық даярлау есебінен аутизмі бар адамдар үшін қолайлы және жайлы орта құру. Аутист адамның нейротиптік адамдарға қарағанда адамдармен қарым – қатынас жасауы қиынырақ — қоршаған әлем ол үшін тым қатты, тым жарқын, тым ақпаратқа толы болуы мүмкін. Ол таныс емес жерде абдырап, шатасуы мүмкін. Сондықтан халықпен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлерінің АСБ адамдармен қалай дұрыс қарым — қатынас жасау керектігін түсінуі маңызды», — деп атап өтті Болат Өтемұратова қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Айтмағамбетовтің айтуынша, Қор «Autism Friendly» бастамасын кеңейтуге және осы бастаманы ілгерілету мен қалалық және қоғамдық кеңістіктерде (темір жол станциялары, ХҚКО және медициналық мекемелер, сауда орталықтары, концерт залдары және т.б.) қажетті инфрақұрылымды құруда консультациялар мен сараптамалық сүйемелдеуді ұсынуға дайын. Осы жылдың соңына дейін Қор Алматы қаласының Туризм басқармасымен бірлесіп, оңтүстік астана мұражайларының қызметкерлеріне оқу курсын өткізуді жоспарлап отыр.
«Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасы — Болат Өтемұратов қорының 2014 жылдан бергі басты флагмандық бағдарламасы. 10 жыл ішінде Қазақстанның 11 қаласында 13 «Асыл Мирас» аутизм-орталықтары ашылды, онда АСБ балаларды тәрбиелеп отырған балалар мен отбасылар тегін кеңес және білім ала алатынын естеріңізге саламыз.