Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Тараз және Қарағанды қалаларында Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары табысты жұмыс істеп, «Аутизм. Баршамызға ортақ әлем» бағдарламасын іске асыруда.
Бағдарламаның мақсаты: Аутистік спектрдің ауытқулары (АСА) бар балалардың өмір сапасын жақсартуға арналған прогрессивті қолдау жүйесін дамыту және енгізу.
Бағдарламаның нысаналы тобы: 15 жасқа дейінгі АСА бар балалар мен олардың ата-аналары, жақын айналасы.