Бастық
Айнұр Әбиева
«Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама Қазақстанда аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларға тиімді қолдау жүйесін дамытуға бағытталған. Оның басты мақсаты — ерте диагностика жүргізу, сапалы мінез-құлықтық қолдау көрсету және аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектесу.
-АСБ бар балаларға көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
-Тұрақты қолдау инфрақұрылымын құру
-Қоғамның аутизм туралы хабардарлығын арттыру
-Ата-аналар мен мамандарға кәсіби қолдау көрсету
Бағдарлама аясында Қазақстанның 12 өңірінде 13 орталық ашылды. Бұл орталықтар халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді және ғылыми дәлелденген әдістерге, оның ішінде қолданбалы мінез-құлық талдауына (ABA) негізделген тегін бағдарламалар ұсынады. Барлық мамандар міндетті түрде оқудан өтіп, сертификат алады.
2015 жылдан бері бұл орталықтардан 17 000-нан астам бала көмек алды.
Бағдарламалар балалардың қарым-қатынас жасау, өз-өзіне қызмет көрсету, әлеуметтену дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мінез-құлықтағы қиындықтарды азайтуға бағытталған. Қатысушылардың 70%-дан астамы оң нәтижелер көрсетуде.
Орталықтар ата-аналарға жан-жақты қолдау ұсынады, оның ішінде:
-Мінез-құлықтық терапия негіздері бойынша оқыту
-Баланы тәрбиелеу мен дамытуға қатысты кеңестер
-Жеке және топтық сессияларға қатысу
Қор аутизм туралы қоғамды тұрақты түрде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл сайын ақпараттық кампаниялар, тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, БАҚ және серіктестермен бірлесе жұмыс атқарылады. Әсіресе, 2 сәуір — Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне ерекше мән беріледі.
Модифицированный чеклист M-CHAT-R/F (Robins, Fein, Barton, 2009) – это двухэтапный наблюдательный инструмент для родителей, созданный с целью оценки риска расстройств аутистического спектра (РАС) для детей в возрасте от 16 до 30 месяцев.