Көмек картасы

Жоба туралы Фотосуреттер

2018 жылдан бастап Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесе отырып, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен адамдарға жедел және мақсатты көмек көрсетуге бағытталған гуманитарлық жоба – Көмек картасы жобасын жүзеге асырып келеді.

Көмек картасы деген не?

Көмек картасы – ForteBank-тен берілетін жеке атаулы банк картасы. Бұл картаға апаттан зардап шеккен әрбір отбасы мүшесіне 30 000 теңге көлемінде қаржылай көмек аударылады. Мұндай тәсіл нақты мұқтаж жандарға қолдауды жедел әрі ашық түрде көрсетіп, алған қаражатты өз қажеттілігіне сай жұмсауға еркіндік береді.

Кімдер көмек алды?

Жоба іске қосылғаннан бері Қазақстанның түрлі өңірлерінде ондаған отбасы қолдау алды:

  • 2019 жыл: Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шет ауданы, Пиджим ауылы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы отбасыларға көмек көрсетілді.

  • Арыс қаласы: Жоба аясында алғаш рет техногендік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Барлық зардап шеккен тұрғындарға Болат Өтемұратов Қорынан қаражат аударылған Көмек карталары берілді.

  • Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары: Селден зардап шеккен 197 отбасы жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам көмек алды. Қолдау Карамырза ауылы мен Петропавл қаласының шеткі аудандарындағы тұрғындарға көрсетілді.

  • 9,2 миллион АҚШ доллары Бөлінген қаражат сомасы
  • 246 адам Материалдық көмек алғандар
  • 30 000 теңге Отбасының бір мүшесіне
Жобаның жаңалықтар
Болат Өтемұратов Қоры Америкалық Сауда Палатасының премиясын алды
Жаңа мектептер, комьюнити-орталығы, зардап шеккендерге көмек – Болат Өтемұратов Қоры 2023 жылды қорытындылады
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысына көмекке 1,1 млрд теңге бөледі
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге сомасына көмек көрсетті
Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуге 111 млн теңге бөлінді
Қиратушы тасқындардан зардап шеккен 1 000 астам адам 110 млн теңгеге көмек алды