Болат Өтемұратов бенефициарлық топтардың өмір сапасын және/немесе ұзақ мерзімді орнықтылығы бар объектілердің жағдайын жақсарту үшін меценаттық қызметін жүзеге асыруда жүйелік тәсілдемені ұстанады. Өзінің бизнес жүргізу қағидаттарын меценат қоғамдық қызметіне де аударады, сондықтан бұл әрқашанда ашық, нысаналы және нәтижеге бағытталған, тиімділігі бақыланатын көмек.
Қор мұраты:
Біз қоғамды алға бағыттайтын пайдалы және тұрақты шешімдерді жасау үшін адамдар, идеялар мен ресурстарды біріктіреміз.
Нәтижелілік
Біз ең тиімді жолмен ең жақсы нәтижеге жетуге ұмтыламыз.
Қамқорлық
Біздің жобаларымыз көмекке бәрінен де мұқтаж жандарға бағытталады.
Сенім
Біз өзіміздің жұмысымыз біздің бенефициарларымыздың, серіктестеріміздің, демеушілеріміздің, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқының сеніміне лайық болуына ұмтыламыз.
Жауапкершілік
Біз өзімізге сеніп тапсырылған қаражат пен бізге артылған үміттер үшін жауапкершілік көтереміз.
Ашықтық
Біз өз қызметімізде ашықпыз. Біз ашық коммуникациялық қызмет жүргіземіз, тұрақты есеп жариялаймыз және өз бенефициарларымыздың, серіктестеріміз бен демеушілеріміздің пікірлеріне құлақ салуға әзірміз. Біз ұдайы дамуға ұмтыламыз және жаңа тәжірибе, білімдер мен міндеттер үшін ашықпыз.
Болат Өтемұратов
Қордың негізгі қалаушы
Болат Өтемұратов – белгілі кәсіпкер, меценат. Ол «Верный Капитал» компаниясының жобаларының негізгі инвесторы. Бизнес мүдделері саласы қаржыларды, телеком және медиа, қонақ үй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік және логистиканы, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды.
Алмаз Шарман
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы
Медицина саласындағы көрнекті қазақстандық маман, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Қазақстанда және шетелде қоғамдық денсаулық сақтау, биомедициналық зерттеулер және денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық трансформациясы салаларындағы қызметімен кеңінен танымал. Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті. Ғалым Джонс Хопкинс университетінде жұмыс істеді, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарды және Назарбаев университетінің жетекшілерінің бірі болып, университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін әзірлеумен айналысты.
Жания Әубакірова
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемдік аренада танытып жүрген көрнекті пианист. Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері. Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері. Густав Малер атындағы өнердің Еуропалық униясы сыйлығының және Польша алдындағы еңбегі үшін Алтын кірестің иегері.
Олжас Сулейменов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Ақын, жазушы-әдебиеттанушы, Қазақ КСР халық жазушысы (1990), Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Олжас Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын Францияда өте танымал, ондағы әдеби басылымдарда оның өлеңдері жиі жарияланып тұрады, мұнымен қоса Францияда оның бірнеше жинағы жарық көрген. Көпшілікке белгілі «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы.
Александр Винокуров
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Қазақстандық кәсіби велошабандоз. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). Испанияда өткен "Вуэлта - 2006" (Vuelta a España) додасының жеңімпазы әрі топтық жарыс бойынша олимпиада чемпионы. 2000 жылғы Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, 2004-2006 жылдардағы әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері. 2003 жылғы Тур де Франс жарысының күміс жүлдегері. Льеж Бастонь (2005-2010), Амстель Голд (2003), Париж - Ницца (2002-2003) әлемдік кубоктарының жеңімпазы. Полиция полковнигі. 2013 жылдан бастап “Астана” велотобының бас менеджері.
Арманжан Байтасов
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Бизнесмен, журналист, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы, “31 арна” телеканалынын жане "Медиахолдинг ТАН" компаниялар тобынын негиздеушиси. Филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан журналистері академясының академигі. Байтасов мырза сонымен қатар Халықаралық Бизнес Академиясының қамқоршылар кеңесінің төрағасы және YPO (Young President’s Organization) қазақстандық бөлімшесінің мүшесі болып табылады.
Айнұр Кәрібозова
Бас директор
Айнұр Бағдатқызының халықаралық қатынастар, дипломатия, инвестицияларды ілгерілету және жоғары білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар.
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде, Ақпарат және талдау басқармасында Қазақстанның Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Білім министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Гүлмира Мурзалинова
Бас директордың орынбасары/Қаржы директоры
Юлия Митрошина
HR директор
Жанар Рахимжанова
Ресурстық орталық басшысы
Темірлан Ербосынов
Зерттеу, даму және интернационализация бойынша директор
Аида Баймақова
Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ
Болат Өтемұратов – белгілі кәсіпкер, меценат. Ол – «Верный капитал» компаниялар тобы жобаларының негізгі инвесторы. Өтемұратов мырзаның іскерлік мүдделерінің ауқымы қаржы, телекоммуникация, қонақ үй бизнесі мен жылжымайтын мүлікті қамтиды.
2014 жылы Болат Өтемұратов Қазақстанда денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу арқылы өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған атаулы қайырымдылық қорын құрды. Қор жүзеге асырған жобалардың жалпы құны 240 миллион АҚШ долларынан асады.
Қор аутизм спектрі бұзылған балалар үшін (АСБ) ерте араласу бағдарламаларын және олардың отбасыларына қолдау көрсетуді көздейтін «Аутизм. Баршамызға бір әлем» флагмандық жобасын жүзеге асыруға 16 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Тоғыз жыл ішінде АСБ бар 20 000-нан астам бала 13 «Асыл Мирас» аутизм орталығының қолдауын көрді.
Қор Қазақстандағы өңірлерді географиялық жағынан кеңінен қамтып, әрі түрлі салаларға ұзақ уақыт бойы ықпалын тигізе отырып, ауқымды әлеуметтік бастамаларды жүйелі негізде іске асыратын санаулы ұйымдардың бірі болып табылады. Осы ұстанымының арқасында Қор төтенше жағдайларды қоса алғанда, көмеке мейлінше мұқтаж жерлерге жедел көмек қолын соза алады. Қор жергілікті деңгейде шұғыл көмек көрсетумен қатар, 2023 жылы Түркияға жер сілкінісінің жойқын зардаптарын жеңуге көмектесу үшін 5 миллион доллар көмек берді. 2023 жылдың қазан айында Костенко атындағы шахтада жарылыстан қаза тапқан кеншілер отбасыларына 1 миллион доллар бөлді.
2024 жылы Қор Қазақстандағы алапат су тасқынының салдарын жоюға 26 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажетті көмек көрсетуге және Ақтөбе мен Ақмола облыстарында 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталды. Өңірлік дамуды қолдау мақсатында Қор еліміздің әртүрлі өңірлерінде 133 миллион АҚШ долларынан астам сомаға мемлекетке өтеусіз беру арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар жобаларға бастамашылық жасады.
2023 жылдың қыркүйегінде Қосшы қаласында Қор қаражатына салынған жаңа мектеп ашылды. Ол «жайлы мектеп» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін алғашқы мектеп болды. 2024 жылдың қыркүйегінде Алматы облысында әрқайсысы 900 оқушыға арналған тағы сондай екі мектеп ашылды. 2024 жылы қараша айында алаңы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын Қызылорда әуежайының жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін 7 есеге – жылына 2 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2025 жылдың наурыз айында Қосшыда ауданы 8,5 мың шаршы метр, 1000-нан астам адам сыятын жаңа қоғамдық-мәдени орталық ашылды. Орталық спорттық, білім беру және демалыс кеңістігінен тұрады. Сонымен қатар, 2026 жылы Жезқазған қаласына жалпы ауданы 2 600 шаршы метрді құрайтын заманауи «Шабыт» балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы берілді.
Болат Өтемұратов Қорының жастарды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесі бар. Jas Leader Аkademiiasy бағдарламасының арқасында 41 500 қазақстандық оқушы көшбасшылық және командалық жұмыс дағдыларын игеріп, өз ойларын еркін білдіріп, басқаларға назар аудара білуді үйренді. Орнықты даму мәдениеті және командалық жұмысты қалыптастыру үшін Қор Алматы мен Астананың 36 мектебінде «Жасыл мектеп» («Зеленая школа») жобасына бастамашы болды. Бағдарлама аясында балалар салауатты өмір салтын ұстану, өсімдіктерді отырғызу және өсіру дағдыларын үйренді.
Қайырымдылық қызметінен бөлек, Болат Өтемұратов екі коммерциялық емес білім беру мекемесіне: Қазақстанның жетекші жеке университеттерінің бірі болып табылатын Нархоз Университетіне, сонымен қатар тәуелсіз Британдық мектеп білімі дәстүрінде кең бейінді мектепке дейінгі және мектеп сатысындағы білім беруді ұсынатын қазақстандық халықаралық Haileybury мектептеріне тікелей қолдау көрсетеді. Барлық түскен қаражат кадрлық әлеуетті дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және білім беру сапасын арттыруға қайта инвестицияланады.
2007 жылы Болат Өтемұратов Қазақстан теннис федерациясының президенті болып тағайындалды.
2017 жылы оның теннисті дамытуға жұмсаған күш-жігері бағаланып, Халықаралық теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының «Қазақстанда теннисті дамытудағы үздік жетістіктері үшін» марапатына ие болды. Өтемұратов мырза елімізде теннисті дамытуға және теннис инфрақұрылымын салуға 200 миллион доллардан астам инвестиция салды.
Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерге, оның ішінде Батырхан Шөкенов қорына белсенді қолдау көрсетеді, бүкіл ел бойынша музыкалық мектептер мен ЖОО талантты оқушылары мен жастары үшін шәкіртақы бөледі. Оның қамқорлығымен Forte Вank Kulanshi Art Space көрме кеңістігінде «Құланшы» заманауи өнер орталығының тұрақты көрмелері өтеді. Қордың қолдауымен 2024 жылы Париждегі Гиме ұлттық Азия өнері мұражайында «Қазақстан: Ұлы дала қазынасы» көрмесі өтті.
Қор сонымен қатар Олжас Сүлейменовтің әдеби мұрасын, сондай-ақ Батырхан Шөкеновтің музыкалық мұрасын сақтау жөніндегі жобаларға қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Қордың қолдауымен Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «АЗ и Я», «Посол своей Земли», сондай-ақ «Книга поэм» шығармалары қайта басылды. Қордың таяуда іске қосылған жобаларының бірі – «Шәмші 100», оның мақсаты қазақ әнінің королі және Мемлекеттік әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын шетелдік аудиторияға танытып, дәріптеу және оның есімін мәңгілікке қалдыру болып табылады. Жоба қазақ композиторы шығармаларының цифрлық мұрағатын жасау, сондай-ақ оның 20 шығармасын «Махаббат туралы мәңгілік әндер» халықаралық жинағын шығара отырып, ағылшын және испан тілдеріне бейімдеуді көздейді.
2023 жылдың желтоқсанында Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесінің тәуелсіз мүшелері Болат Өтемұратовқа әлеуметтік саладағы көрнекті жобалары үшін «Жыл меценаты» сыйлығын берді. 2024 жылдың маусым айында Болат Өтемұратов Қоры Қазақстандағы АҚШ Сауда палатасының (Тhe American Chamber of Commerce in Kazakhstan) «Қоғамға қызмет ету» санатындағы сыйлығын алды. Марапаттар Астанада өткен AmCham жыл сайынғы рәсімінде тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды. 2025 жылы Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын жүзеге асырғаны үшін Қазақстандағы АҚШ Сауда палатасының «Денсаулық сақтау» санатындағы марапатына ие болды. Сол жылы Қор Қосшыда көпфункционалды қауымдастық орталығын салғаны үшін «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» аталымы бойынша EUROBAK Awards сыйлығының лауреаты атанды.