Қосшыдағы мектеп-гимназия
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қосшы қаласында мектеп-гимназия ашылды, ол — Қазақстандағы «Жайлы мектеп» стандарттарына сәйкес келетін тұңғыш мектеп. Оқу сыныптарынан басқа мектеп рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталған.
Баскетбол-волейбол алаңы, шағын футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар стадион, үлкен және кіші жастағы оқушыларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Ойын және спорт алаңдары полимерлі чиптерге негізделген резеңке жұмсақ жабынмен жасалған. Мектептің айналасына көпжылдық шөптер, жергілікті ағаштар мен бұталар отырғызылды. Кіру аймағы нашар көретіндерге арналған пандустармен, тактильді жолдармен жабдықталған.
- 17,4 миллион АҚШ доллары Жобаның жалпы бюджеті
- 16 мың ш.м. Үш қабатты мектептің алаңы
- 1500 оқушы Жаңа мектептің сыйымдылығы