Арал теңізі түбінің экожүйесін жақсарту

2026
Жоба туралы Фотосуреттер Серіктестер

Экологиялық жоба планетадағы ең ірі экологиялық апат аймақтарының бірі – Арал теңізі түбін қалпына келтіруге бағытталған.

Жобаны жүзеге асыруға Калифорния университеті Беркли, Қазақстандағы Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы дирекциясы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қатысады.

Болат Өтемұратов қорының пилоттық жобасы Арал түбі экожүйесін ұзақ мерзімді жақсартуға және Калифорния университеті Беркли әзірлеген инновациялық E-seed технологиясын жергілікті жерде сынауға бағытталған. Бұл технология биоыдырайтын материалға салынған арнайы өздігінен топыраққа енетін тұқымдарды дрондар арқылы әуеден себуге негізделген. Бұл әдіс көгалдандыру жылдамдығы мен ауқымын арттыруға, сондай-ақ тұқымдардың топыраққа тереңірек сіңуі есебінен олардың өсіп шығу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді. Технология еңбек шығынын азайта отырып, жоғары жылдамдықта егу жұмыстарын жүргізуге және кең аумақтарды қамтуға жағдай жасайды.

1 гектар аумақтағы тесттік егу 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында басталады. Егер ғылыми түрде дәлелденген көктеу көрсеткіші 20 пайыздан жоғары болса, пилоттық жобаның екінші кезеңі аясында 2027 жылы Арал теңізінің құрғаған түбінің 50 гектарына егу жұмыстары жүргізіледі.

Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық ететін Аралды құтқару халықаралық қорының (МФСА) 2024–2026 жылдардағы бастамаларымен тығыз байланыста іске асырылуда.

  • $ 600 000 бюджет проекта