Баламекен

2019
Жоба туралы Фотосуреттер

Болат Өтемұратов қоры еліміздің мұқтаж азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Баламекен» жобасын іске қосты.

Алғашқы қоныстанушылар Қызылорда қаласындағы көпбалалы отбасылар болды. Мұнда 75 дуплексті үй салынды, оның 50-ін Қор қаржыландырды. Әр үй екі отбасына арналған, әрқайсысының жеке кіреберісі мен алты сотық жер телімі бар.

Арыста болған қайғылы жағдайдан кейін Қор 50 дуплексті үйден тұратын «Баламекен» шағын ауданын салуға қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. 2019 жылғы 13 қарашада жаңа қоныстанушылар асүйлері мен жуынатын бөлмелері жабдықталған, толық дайын үйлерге көшіп кірді. Жарылыстардың салдарынан баспанасынан айырылған отбасылар, көпбалалы отбасылар және мүгедек балалары бар жанұялар жаңа үйлер алды.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Қор су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 150 үй салды. Ауданы 100 шаршы метр болатын жаңа үш бөлмелі үйлер қираған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныстанған Мырзакенттің болашағы зор ауданында орналасқан.

Сондай-ақ Қор Арал қаласында көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және апатты үйлерде тұрып келген отбасыларға 40 пәтер сыйға тартты. Ауданы 64 шаршы метр болатын үш бөлмелі және 47 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерлер төрт отбасыға арналған бір қабатты үйлерде орналасқан. Үйлерде барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген, сантехника, газ плиталары мен су жылытқыштар орнатылған. Әрбір пәтер иесіне алты сотық жер телімі берілді.

  • 9,4 миллион АҚШ доллары 4 жыл бойында бөлінді
  • 4 қалада жаңа үйлер салынды
  • 390 отбасы жаңа баспана алды
Жобаның жаңалықтар
Мектеп жылыжайлары және жаңа әуежай терминалының құрылысы: Болат Өтемұратов Қоры жыл қорытындысын шығарды
Мақтааралда мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды
Болат Өтемұратов Қоры Арал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады
Болат Өтемұратов қоры Мақтаарал ауданындағы су тасқыннан зардап шеккен 150 отбасыға үй сыйлады
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады