Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы

2023 бастап
Жоба туралы Фотосуреттер

Болат Өтемұратов қоры «Верный капитал» компаниялар тобымен бірлесіп, жалпы ауданы 7,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалын салып, қаланың коммуналдық меншігіне берді. Терминал заманауи жабдықтармен, соның ішінде телескопиялық траппен, багажды автоматты түрде беру және өңдеу жүйесімен, сондай-ақ транзиттік жолаушылар мен VIP мәртебесі бар клиенттерге арналған залдармен жабдықталған. Құрылыс кезінде халықаралық брендтердің жабдықтары, технологиялары мен материалдары пайдаланылды.

Сонымен қатар, терминалда өзін-өзі тіркеу бағандары, Duty Free аймағы, құлшылық ету бөлмелері, ана мен бала бөлмелері, сондай-ақ шекара және кеден қызметтері, фитосанитария және ветеринария қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері үшін арнайы орындар қарастырылған.

Терминал жобасын әлемнің әртүрлі елдеріндегі, соның ішінде Нидерланды, Ресей, Түркия және Парсы шығанағы елдеріндегі әуежайларда жиырма жылдық тәжірибесі бар BMW Мimarlik түрік жобалық компаниясы әзірледі. Жаңартылған әуежай халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) заманауи стандарттарына сәйкес келеді.

  • $35 млн АҚШ доллар жобаның жалпы бюджеті
  • 7,5 мың 7,5 мың ш.м. терминалдың жалпы алаңы
Жобаның жаңалықтар
Жезқазған қаласындағы Оқушылар сарайы
Жаңа әуежай, мектептер, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек — Болат Өтемұратов қоры жыл қорытындысын жасады
Қызылордада жаңа әуежай терминалы ашылды
Қызылорда әуежайындағы жаңа терминал беделді EUROBAK сыйлығымен марапатталды
Жаңа мектептер, комьюнити-орталығы, зардап шеккендерге көмек – Болат Өтемұратов Қоры 2023 жылды қорытындылады
Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды