Жезқазғандағы «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
«Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы – Болат Өтемұратов Қорының Ұлытау облысындағы алғашқы нысаны. Жалпы аумағы 2 603 шаршы метрді құрайтын орталық бір мезетте 250 баланы қабылдай алады.
Орталықта заманауи талаптарға сай жабдықталған 14 оқу кабинеті бар. Олардың қатарында арт-студия, керамика шеберханасы, робототехника кабинеттері, цифрлық өнер және информатика студиясы, физика, математика және жаратылыстану ғылымдары кабинеттері, фотостудия, музыка сыныптары, шахмат кабинеті, ерте дамыту орталығы, сондай-ақ хореография және жекпе-жек залдары орналасқан. Оқу кабинеттері интерактивті панельдермен, робототехника және STEM бағытындағы жабдықтармен, 3D-принтерлермен және лазерлік станоктармен жабдықталған.
Ғимаратта 150 орындық акт залы, демалысқа және өздігінен білім алуға арналған көпфункциялы кеңістіктер қарастырылған. Сонымен қатар сенсорлық бөлме, арнайы санитарлық тораптар мен медициналық кабинет бар. Орталықтың бүкіл инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта талаптарына толық сәйкес бейімделген.
- 7,7 млн АҚШ доллары жоба бюджеті
- 2 603 м² орталықтың жалпы аумағы
- 2026 жылғы 1 маусым ресми ашылуы































