2018 жылғы 3 наурызда Қор мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығымен (МБАҚ) меморандумға қол қойды, оның шеңберінде церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығын ашуға 330 миллион теңге бөлінді. Орталық «ерте араласу» жобасына ерекше назар аудара отырып, үздік отандық және халықаралық әдістемелерді интеграциялау, үздіксіз қарқынды оңалту және Occupation-терапия жүргізу мақсатында құрылды. […]
Жыл сайынғы Burabike қайырымдылық фестивалі Шортанды-Бурабай аймағында «Rixos Borovoe» қонақ үйімен бірлестікте 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Іс-шараға қазақстандық спорт жұлдыздары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысады. Іс-шараның бағдарламасына велошеру, қайырымдылық аукцион, жәрмеңке және музыкалық фестиваль кіреді. Дәстүр бойынша велошеруге олимпиада чемпионы, Astana PRO Team командасының бас менеджері Александр Винокуров старт береді. […]
Небәрі 10 жыл ішінде Қор Қазақстандағы қайырымдылық жобаларына 98,4 млрд теңгеден астам инвестиция салды.
Қызылордада жаңа әуежай терминалы ашылды
Қызылорда қаласында 12 қарашада премьер-министр Олжас Бектенов Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ғимаратын ашты.
Есік қаласында жалпы білім беретін мектеп салу
Мектеп 900 оқушыға арналған. Мектептің жалпы ауданы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оқу кабинеттерімен қатар, ол рекреациялық аймақтармен, оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады.
Қызылорда әуежайындағы жаңа терминал беделді EUROBAK сыйлығымен марапатталды
Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.
Алматыда әлемдік теннис жұлдыздары аутизм спектрі бар балаларға қолдау көрсетті
В 2024 году Алматы впервые принимает международный теннисный турнир ATP 250 Almaty Open, что стало важным спортивным событием для Казахстана.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қосшы қаласында мектеп-гимназия ашылды, ол — Қазақстандағы «Жайлы мектеп» стандарттарына сәйкес келетін тұңғыш мектеп. Оқу сыныптарынан басқа мектеп рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталған. Баскетбол-волейбол алаңы, шағын футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар стадион, үлкен және кіші жастағы оқушыларға арналған […]
Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы
Болат Өтемұратов қоры «Верный капитал» компаниялар тобымен бірлесіп, жалпы ауданы 7,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалын салып, қаланың коммуналдық меншігіне берді. Терминал заманауи жабдықтармен, соның ішінде телескопиялық траппен, багажды автоматты түрде беру және өңдеу жүйесімен, сондай-ақ транзиттік жолаушылар мен VIP мәртебесі бар клиенттерге арналған залдармен жабдықталған. Құрылыс кезінде халықаралық брендтердің жабдықтары, технологиялары мен материалдары […]
Қосшыда қоғамдық мәдени-спорт орталығын салу
Жоба озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді. Мұндай қоғамдық орталықтар Еуропа елдерінде кең таралған, шығармашылық және спорттық үйірмелерді, ересектер мен балаларға арналған сапалы демалыс орталықтарын ұйымдастыруға, сондай-ақ концерттер, кітап жәрмеңкелері мен өнер көрмелерін өткізуге арналған алаң ретінде қызмет етеді. Қосшыдағы қоғамдық орталық Қазақстандағы алғашқы осындай орталық болады және үш негізгі – білім беру, мәдени және […]