29.12.2025

Ұзақ мерзімді шешімдер жылы: Болат Өтемұратов Қорының жаңа жобалары мен стратегиясы

Өтіп бара жатқан жыл Болат Өтемұратов Қоры үшін әлеуметтік бағдарламалардың ауқымды инфрақұрылымдық кеңеюі және сапалы өзгеру кезеңі болды. Өңірлерде іргелі білім беру объектілерінің іргесін қалаудан бастап АСБ бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жаңа жобаны енгізуге, сондай-ақ экологиялық бастамаларды іске қосуға дейін Қор жіті қоғамдық мәселелерді шешуге қатысты өзінің жүйелі көзқарасын көрсетті. Қордың негізгі жобаларына шолу […]

Өтіп бара жатқан жыл Болат Өтемұратов Қоры үшін әлеуметтік бағдарламалардың ауқымды инфрақұрылымдық кеңеюі және сапалы өзгеру кезеңі болды. Өңірлерде іргелі білім беру объектілерінің іргесін қалаудан бастап АСБ бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жаңа жобаны енгізуге, сондай-ақ экологиялық бастамаларды іске қосуға дейін Қор жіті қоғамдық мәселелерді шешуге қатысты өзінің жүйелі көзқарасын көрсетті. Қордың негізгі жобаларына шолу және олардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ландшафтына тигізген ықпалы туралы есепті ұсынамыз.

Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдарының қызметі көбінесе атаулы көмектен ұзақ мерзімді стратегияларды іске асыруға қарай ауысуда. Болат Өтемұратов Қорының жыл қорытындысы осы үрдісті растайды: үнемі ел назарын аударған жобалар әсері ондаған жылдарға есептелген жобалар болды. 2025 жылы Қор қатысу географиясын кеңейтіп қана қоймай, экология саласында да жаңа бағыттарды іске қосты.

Білім беру инфрақұрылымы: Жезқазған және Қосшы

Өңірлік инфрақұрылымды дамыту саласындағы жылдың басты оқиғаларының бірі Қосшы қаласында комьюнити орталығының ашылуы болды. Елорданың қарқынды дамып келе жатқан спутник қаласы Қоғамдық кеңістікке өте мұқтаж болды. 20 миллион долларлық жаңа орталық қаладағы әртүрлі жастағы тұрғындарды біріктірген алғашқы осындай алаңға айналды. Онда үйірмелер жұмыс істейді, мәдени іс-шаралар мен білім беру дәрістері өткізіледі. Орталық өзі жұмыс істеген алғашқы жылы жоғары сұранысқа ие болды: оған адамдардың келу саны урбандану әлеуметтік ортаның дамуымен қатар жүруі керек деген тезисті растай отырып,  жоспарланған көрсеткіштерден асып түсті.

Комьюнити орталығын салғаны үшін Қор «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» санатындағы беделді EUROBAK Awards 2025 (Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы) сыйлығымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қор жаңа нысан — Жезқазғандағы Оқушылар сарайының құрылысын сәтті іске қосты. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан жоба өңірдегі сапалы демалыс пен білім беру алаңдарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Болашақ орталық — бұл жай ғимарат емес, таланттарды дамытуға арналған заманауи хаб. Қордың инвестициялары балалар робот техникасымен, АT, өнер және спортпен айналыса алатын жоғары технологиялық кеңістік құруға бағытталған. 2026 жылы Оқушылар сарайының ашылуы қала жастарының бас қосатын орнына айнала отырып, өңірдің мыңдаған баласының қосымша біліммен қамтылуына мүмкіндік береді.

«Біздің стратегиямыз ұзақ мерзімді әсер ету қағидатына негізделген. Біз жай ғана қабырғалар салып жатқан жоқпыз, біз әрбір бала тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға және дамуға қол жеткізе алатындай экожүйені құрамыз. Жезқазған мен Қосшы — бұл жеке қайырымдылықтың өңірлерді дамытуға жұмсалатын мемлекеттік күш-жігерді қалай тиімді толықтыра алатынының мысалдары», — деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының Бас директоры Айнұр Кәрібозова.

Қолжетімді баспана: «Баламекен» жобасы

Жылдың тағы бір маңызды оқиғасы Астанада «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуы болды. Болат Өтемұратов Қоры тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар үшін қала әкімдігіне жалпы сомасы 10,5 миллиард теңгені құрайтын 500 пәтер берді. Жаңа пәтер алғандардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар және бюджет саласының басқа да қызметкерлері бар.

 

Қор берген пәтерлер жайлылық класына жатады және елорданың заманауи тұрғын үй кешендерінде орналасқан. Барлық үйлер жылдамдығы жоғары лифтілермен және бет-әлпетті тану жүйесімен жабдықталған. Жерасты автотұрақтары мен кең аула аумақтары қарастырылған.

Аутизм: ерте диагностикадан жұмысқа орналасуға дейін

«Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы Қордың басты жобасы болып қала береді. «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісі еліміздің 12 қаласында тегін көмек көрсетуді жалғастыруда. 2015 жылдан бастап орталықтарда 17 мың бала білім алды, ал бағдарламаны іске асыруға 16 млн.доллар жұмсалды.

Барлық орталықтар заманауи халықаралық әдістерді қолданатын психологтардың, дефектологтардың және мінез-құлық талдаушыларының күш-жігерін біріктіре отырып, ақысыз қызмет көрсетеді. Қор жұмыс істеген он жыл ішінде бағдарлама аясында бүкіл ел бойынша «Асыл мирас» аутизм орталықтарында жұмыс істейтін 300-ден астам маман даярланды.

Сонымен қатар, Қор осымен үшінші жыл Narxoz университетімен бірлесіп АСБ бар балалармен жұмыс жөніндегі майнорды іске асыруда. Курсты Қордың тренерлері өткізеді. Осы уақыт ішінде 242 студент оқу курсын тәмамдады. Бағдарламаның бес түлегінің биылғы жылы «Асыл мирас» аутизм орталықтарына жұмысқа орналасқаны ерекше айта кетерлік. Бұл — білім мен тәжірибе алмасудың, сондай-ақ Қордың сараптамасын жоғары оқу орындарымен әріптестік арқылы масштабтаудың жарқын мысалы.

Autism Friendly Қорының бағдарламасы аясында 2025 жылы 920 адам оқу курсынан өтті. Қор мамандарды оқыту және оларға және білім беруді жалғастыруда: Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО) және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы сияқты түрлі орталықтармен меморандумдар жасалды. Сонымен қатар, мектептер мен колледждердің мұғалімдері, логопедтер, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың (ПМПК) қызметкерлері АСД бар балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін тегін оқыды.

Қазақстандағы Америка Сауда палатасы (Тhe American Chamber of Commerce in Kazakhstan) 2025 жылы Болат Өтемұратов Қорын «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын іске асырғаны үшін марапаттап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ Болат Өтемұратов Қоры Аутизм туралы ақпараттандыру айына арналған ауқымды бағдарламасы үшін EUROBAK Awards 2025 сыйлығына ие болды. Науқан қоғамның аутизм спектрінің бұзылысы туралы хабардарлығын арттыруға, инклюзияны ілгерілетуге және отбасыларды қолдауға бағытталған.

Әлемдік теннис жұлдыздарының «Асыл мирас» орталықтарына сапарлары Қазақстандағы АТР сериясы турнирлерінің игі дәстүріне айналды. Спортшылар орталықтардың қызметімен зор қызығушылықпен танысып, балаларға қарым-қатынас, оқу және дербестік дағдыларын дамытуға көмектесетін бағдарламалар туралы біледі. Биыл ATP 250 Almaty Open турниріне қатысушылар, белгілі теннисшілер Карен Хачанов пен Фабиан Марожан Алматыдағы аутизм орталығына барды. Уимблдон чемпионы және Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина да Алматы орталығында болды.

Биылғы жылы Қор ерте араласу мен оқу шеңберінен шығып, алға қарай маңызды қадам жасады. 2026 жылдың басында АСБ бар адамдар үшін еңбек дағдыларын дамыту жобасы басталады. Егер бұрын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға назар аударылып келген болса, енді Қор аутизмі бар ересектерді әлеуметтендіру және кәсіби тұрғыдан өзінің қабілетін іске асырудың ең күрделі мәселесін шешуге кіріседі.

Экологиялық жауап: Арал теңізі түбінің экожүйесін жақсарту

Қор Арал теңізі түбінің экожүйесін жақсарту жөніндегі ауқымды жобаны іске қосу арқылы өз жұмысының экологиялық бағытын едәуір нығайтты. Бастаманың серіктестері — Берклидегі Калифорния университеті, Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару Қорының атқарушы дирекциясы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті.

Пилоттық жоба Арал теңізінің құрғаған табанының экожүйесін ұзақ мерзімді қалпына келтіруге және Берклидегі Калифорния университетінде әзірленген Е-seed инновациялық технологияны далалық сынақтан өткізуге бағытталған. Шешім биологиялық ыдырайтын материалға орналастырылған арнайы өздігінен көмілетін тұқымдарды отырғызатын дрондарды қолдана отырып, аэросевке негізделген.

Бұл тәсіл жұмыстың тым жылдам орындалуын әрі ауқымды болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар тұқымды топыраққа тереңірек енгізу арқылы өсімдіктердің тамыр алып кету қабілетін арттырады. Технология отырғызу қарқынын жоғары деңгейде сақтай және едәуір аумақты қамти отырып, еңбек шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Қордың экологиялық бастамасы — болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан үлесі, өйткені тұзды дауылдардың азаюы өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Мәдени күн тәртібі: «Аз и Я»-ға 50 жыл

27 мамырда Алматыда Narxoz университетінің алаңында Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай «Түркі славистикасының тууы» атты VII халықаралық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан мен шет елдердің белгілі ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерін, соның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Басты оқиға — Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен шығарылған «Аз и Я» жаңа басылымының тұсаукесері, сондай-ақ гуманитарлық ой мен мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін мойындау ретінде журналистика саласында Олжас Сүлейменов атындағы Халықаралық сыйлықты тапсыру рәсімі болды.

Қордың жаңа стратегиясы

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қорытынды отырысында Қорды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жаңа стратегиясы ұсынылды. Құжат Қазақстандағы импакт-практикаларды масштабтау және халықаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін бірыңғай орталықты белгілей отырып, Қордың бағдарламалық басымдықтарын айқындайды.

Он жыл ішінде Қор Қазақстанның қайырымдылық жасауда маңызды рөл атқара отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және инфрақұрылым салаларында бірқатар ауқымды бастамаларды іске асырды. Жаңа стратегия жинақталған тәжірибені жүйелеуге, жобалау қызметін тұрақты даму институттарын құруға айналдыруға, сондай-ақ жобаларды талқылау мен қолдауға халықаралық сарапшылар қауымдастығының жаһандық қатысуын және тартылуын нығайтуға арналған.

Қор үшін БҰҰ ОДО күн тәртібіне қатысу біржолғы бастама емес, жүйелік бағдар болып табылады: Қор жобалары денсаулық сақтау, сапалы білім беру, тұрақты инфрақұрылым, теңсіздікті азайту және серіктестіктерді дамытуды қоса алғанда, 17 жаһандық мақсаттың кем дегенде 14-імен сәйкес келеді. Мұндай қамту Қордың халықаралық рөлін күшейтеді, серіктестер үшін сенім мен ашықтықты арттырады және Қазақстанның орнықты дамудың жаһандық күн тәртібіне қосқан үлесі мен әлемдік қайырымдылық желілерге интеграциялануын көрсетеді.

Болат Өтемұратов Қоры қазірдің өзінде Солтүстік Американың жетекші қайырымдылық ұйымдары қауымдастығы – Council on Foundations, сондай-ақ Азиялық қайырымдылық ұйымдары қауымдастығына енді. Қазір Еуропаның ең ірі қайырымдылық қауымдастығы-Philea-ға кіру мәселесі қарастырылуда. Бұл қадамдар Қордың аутизм саласындағы және басқа да салалардағы жобаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға бағытталған.

2025 жылы Қор Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесуде Аутизмді қолдау жаһандық коалициясының құрылтайшы мүшесі болды. Бұл коалиция Қатар Қоры және Autism Speaks ұйымының бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФтің қолдауымен құрылып, аутизмге қатысты халықаралық саясат пен тәжірибені біріктіруді мақсат етеді.

«Біз қоғамның инклюзияға деген көзқарасының қалай өзгеріп келе жатқанын, сапалы білім мен экологиялық жауапкершілікке сұраныстың қалай өсіп келе жатқанын көреміз. Қор бұл сын – қатерлерге табысты тәжірибелерді масштабтау және жаңа, батыл бастамаларды іске қосу арқылы жауап беруге дайын», — деп атап өтті Болат Өтемұратова Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.