Болат Өтемұратов қоры Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй ресімдеуді бастады
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылында Болат Өтемұратов қоры су тасқынынан зардап шеккен жиырма отбасы үшін үйлерді ресімдеу процесін бастады. Бес отбасы жаңа үйлерге ие болды. Бұл — Қордың табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының алғашқы қадамы.

«Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті тұрғын үй көлемін анықтау үшін Ақтөбе облысындағы үйлерге техникалық тексеру жүргізілуде. Біз зардап шеккен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыратынына кепілдік беруді жоспарлап отырмыз», — деді Болат Өтемұратова қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Бұған дейін, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Ақтөбе облысын қалпына келтіру үшін Болат Өтемұратов 10 млрд теңге бөлген болатын. Су тасқыны орын алған алғашқы күндерде Болат Өтемұратов қоры су басу аймақтарынан көшірілгендерге шұғыл көмек көрсету үшін 680 млн теңге аударды.