Қосшыдағы мектепке «А» класындағы энерготиімділік таңбасы берілді
«А» рейтингін алған мектеп ғимараты басқа талданған 100 жаңа мемлекеттік мектеппен салыстырғанда энергия тиімділігінің ең жоғары жобалық класына ие.

«А» рейтингін алған мектеп ғимараты басқа талданған 100 жаңа мемлекеттік мектеппен салыстырғанда энергия тиімділігінің ең жоғары жобалық класына ие.
Қосшыда Болат Өтемұратов қоры «Верный Капитал» компаниясымен серіктестікте салған мектеп «А» класындағы энерготиімділік таңбасына ие болды.
Еуропалық Одақ пен Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері Қосшы қаласының мектеп-гимназиясына энергия тиімділігінің таңбалау белгісін табыс етті. «А» рейтингін алған мектеп ғимараты басқа талданған 100 жаңа мемлекеттік мектеппен салыстырғанда энергия тиімділігінің ең жоғары жобалық класына ие.
Салтанатты тапсыру рәсімі «Еуропа Одағы – Қазақстан: тұрақты энергетика күндері» науқаны аясында 2024 жылғы 4 маусымда Теміртауда «ECOJER» қауымдастығы және SECCA жобасы бірлесіп ұйымдастырған «SAF AUA» экологиялық бастамалардың екінші өңіраралық форумында өтті.
Қосшыдағы мектеп-гимназия директоры Дидар Асқарова: «Қосшыдағы біздің мектеп «А» рейтингін алды. Мектебіміздің құрылысында ең заманауи технологиялар мен материалдар пайдаланылды. Бүгінгі таңда мектепте 3000-ға жуық оқушы оқиды және біз балаларымыздың жайлы, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасында сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз».
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ғимараттардың энергия тиімділігін таңбалау пайдалану шығындары мен қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында ғимарат тұтынатын энергия мөлшерін визуализациялау арқылы энергияны үнемдеуге ықпал етеді.
ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің Уақытша Сенімді өкілі Мачей Мадалинский мырза: «Мен үшін ЕО қолдауымен бұл еуропалық тәжірибе қазір Қазақстанда таралып жатқаны зор мақтаныш. ЕО-да біз бұл таңбалауды энергетикалық тиімділік сертификаттары деп атаймыз. Осы мектеп сияқты Қазақстандағы жаңа қоғамдық ғимараттар энергия үнемдеу және энергия тиімділігі стандарттарын ескере отырып салынып жатқанына қуаныштымын. Салауатты ғимараттар, дені сау халық – мұны әрқашан есте сақтайық. Ғимараттардың энергия тиімділігін белгілеу – осы жолдағы тағы бір қадам шығарындыларды азайтуға, табиғатқа және оның ресурстарына ұқыпты қарауға, денсаулықты қамтамасыз етуге халықтың әл-ауқаты және сайып келгенде, климаттық бейтараптық мақсаттарына жету».