21.10.2024

Қызылорда әуежайындағы жаңа терминал беделді EUROBAK сыйлығымен марапатталды

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.

Оның ауданы – 7500 шаршы метрді құрайды. Көліктің қолжетімділігін жақсарта отырып және инвестициялар мен туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, пайдалануға берілгеннен кейін ол әуежайдың өткізу қабілетін 7 есеге – жылына 2 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Терминал озық технологиялармен, оның ішінде телескопиялық траппен және жүкті  автоматтандырылған өңдеу жүйесімен жабдықталған.

Жаңа терминалдың құрылысы үшін осы қайырымдылық жобасын іске асыруға 35 миллион доллар бөлген Болат Өтемұратов қоры «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясы бойынша Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығынан (EUROBAK) беделді марапатқа ие болды.

Сыйлықты тапсыру рәсімінде Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтті:

«Біз ұзақ мерзімді, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға деген ұмтылысымыздың резонанс тудырғанына және осындай беделді марапатқа ие болғанына қуаныштымыз. Қызылорда әуежайы – жай ғана көлік торабы емес, бұл өңірдің дамуына және оның тұрғындары үшін жағдайдың жақсаруына деген үміттің белгісі. Біз Қордың осы маңызды іске қосқан үлесін мақтан тұтамыз және жаңа терминалдың экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өсудің драйвері болатынына сенімдіміз».

Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа терминал қаланың коммуналдық меншігіне берілді және оның ресми ашылуы жақын арада болады деп күтілуде.

Әуежай құрылысы – Болат Өтемұратов қоры жүзеге асырған көптеген әлеуметтік жобалардың бірі. 2014 жылы құрылғаннан бері Қор Қазақстандағы денсаулық сақтау, білім беру, экология және әлеуметтік инфрақұрылымды қолдауға бағытталған бағдарламаларды белсенді түрде қолдауда.

2024 жыл Қор үшін мерейтойлық жыл болды, ол атқарған жұмысының 10 жылында қоғам мен жалпы елдің дамуына елеулі үлес қосып, әр түрлі қайырымдылық жобаларына 200 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды.