24.02.2020

Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері Алматыда «Аутизм. Әлеуеттер әлемі» төртінші халықаралық конференциясы өтеді

Біз қызығушылық танытқандардың бәрін, оның ішінде мамандарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен туыстарын, дәрігерлерді және аутизм мәселесімен айналысып жүрген дәрігерлер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз

Бірінші күні сіздерді АСБ саласындағы АҚШ, Ресей және Украинадан келген докторлар мен зерттеушілердің дәрістері,панелдік пікірталастар, сондай-ақ аутизм мәселесі бойынша заманауи ғылыми жаңалықтарға қатысты сұрақ-жауап сессиялары мен тәжірибе семинарлары күтеді.
Екінші күні көшбасшы сарапшылардың шеберлік сабақтарында болып, сондай-ақ спартакиада және АРТИШОК театрының қойылымына қатыса аласыздар.

Бағдарлама 

 

Өтінімдеріңізді наурыздың 20-на дейін autismconference2020@utemuratovfund.org электрондық мекенжайға жіберіңіздер.
Өткізу орны:
2-ші сәуір: «Хилтон» мейманханасы, Досмухамедов көш., 115, Алматы
3-ші сәуір: СмартПоинт, Байзақов көш., 280, Алматы