17.11.2022

2022 жылғы 29 және 30 қарашада Алматыда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» конференциясы өтеді

Конференцияда аутизмді зерттеу саласындағы жетекші халықаралық мамандар, озық әдістемелерді әзірлеушілер және АСБ бар балалардың ата-аналары сөз сөйлейді

Барлық қызығушылық танытқандарды, соның ішінде журналистер мен мамандарды, мұғалімдер мен психологтарды, логопедтер мен дефектологтарды, АСБ бар балалардың ата-аналары мен дәрігерлерді, сондай-ақ аутизм мәселелерімен айналысатын ұйымдарды қатысуға шақырамыз.
Конференцияның бірінші күні сіз АҚШ, Польша және басқа елдердің АСБ саласындағы дәрігерлерінен және зерттеушілерінен дәрістер естисіз. Мысалы, Кейс Варго мен Энди Ши (Autism Speaks, Нью-Йорк, АҚШ) АСБ бар адамдар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартудың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндайды. Профессор Стивен Шор (Адельфи университеті, Нью-Йорк, АҚШ) аудиториямен аутизмнің төрт аспектісін қарастырады: аңғару, қабылдау, бағалау және толыққанды және тиімді өмірге жету жолында әрекет ету. Натан Колл (педиатрия профессоры, Маркус Аутизм Орталығы, Атланта, АҚШ) проблемалық мінез-құлықпен жұмыс істеу кезінде интервенцияның мінез-құлық әдістері бойынша тәжірибесімен бөліседі. Конни Касари (еңбек сіңірген профессор, Калифорния университеті, Лос-Анджелес, АҚШ) АСБ бар балаларға арналған мектептегі құрдастарымен қарым-қатынас туралы әңгімелейді.
Екінші күні белгілі профессорлар мен мамандар сөз сөйлейді: Джеймс Партингтон, Темпл Грандин, Филипп Полат, Джакомо Виванти және басқалар. Мысалы, Антонина Шанграу (клиникалық директор, Behavior Matters LLC, Аляска, АҚШ) тиімді мінез-құлық жоспарын әзірлеу бойынша практикалық семинар өткізеді. Бағдарламамен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз: http://conference.utemuratovfund.org/kz
Конференцияға қатысу тегін, сіз конференцияға онлайн қатыса аласыз, тіркелу сілтеме арқылы қол жетімді http://conference.utemuratovfund.org/#registration2

Естеріңізге сала кетейік, «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» IV халықаралық конференциясының ұйымдастырушылары Болат Өтемұратов Қоры және «Нархоз университеті» болды.

Болат Өтемұратов Қоры — 2014 жылы құрылған көп жобалы қор. Қордың миссиясы— денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және қала құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру арқылы Қазақстанға бүгін және болашақта адамдардың өмірі үшін ең үздік орынға айналуда көмектесу. Қорды құру идеясы оның құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа тиесілі.
2015 жылдан бастап Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Әлем бәріне ортақ» бағдарламасын іске асыруда. Бүгін Астана, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Тараз, Петропавл, Павлодар және Қарағанды қалаларында 11 «Асыл Мирас» аутизм орталығы табысты жұмыс істеуде. Халықаралық сарапшылардан үздік әлемдік тәжірибелер бойынша оқытылған 200-ден астам педагог аутизм спектрі бұзылған балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Маңызды сандар: 14 382 бала «Асыл Мирас» орталықтарында бағдарламаларды аяқтады, интервенция бағдарламаларында балалардың дағдылары орта есеппен 2 есе жақсарды.

Нархоз Университеті – 60 жыл тарихында экономика үшін 140,000-нан астам түлек дайындаған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінде Университет қабырғасында студенттер бухгалтерлік есеп пен қаржыдан бастап IT және құқықтануға дейінгі білім беру бағдарламаларының кең бейіні бойынша оқытылады. 2022 жылы Нархоз FIBAA халықаралық аккредитациясын алды, бұл білім сапасы мен дипломдардың халықаралық деңгейде танылуын білдіреді.