4000 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ 300,2 МЛН. ТЕҢГЕ – BURABIKE FEST 2019 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
24 және 25 тамызда Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараы – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

Фестиваль басталғанға дейін тіркеу және қайырымдылық жарналарыны арқасында 130 млн. теңге сома жиналды. Фестивальдің бірінші күні мейман меценаттардың арасында өткізілген аукцион Burabike Fest қорына 164 млн. теңге әкелді. Оған барлық қалаған меймандардың қатысуға мүмкіндігі болған аукционнан түсімді, жеке құрмалдықтар мен брендті спорттық жабдықтаманы сатудан түскен қаражатты қоса алғанда, екінші күннің жиыны 6,2 млн. теңгені құрады. Сөйтіп, биылғы жылы 300,2 млн. теңге рекордты сома жиналды, ал Burabike Fest өткізудің бүкіл тарихында қайырымдылық жиын 1 млрд. теңге деңгейіне жетті.
Іс-шараның жаңа форматы Новый формат мероприятия позволил принять на территории отеля Rixos Borovoe отелінің аумағында көбірек мейманды қабылдауға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде олардың саны 4 мың адамға, өткен жылға қарағанда 1,5 мыңға артық цифрға жетті. Кеңейтілген бағдарламаға 35 км және 70 км қашықтыққа әуесқойлық веложарыс, сондай-ақ 10 км қашықтыққа велошеру, аукциондар, күндізгі Open Air, теннис турнирі 31 арнадан қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен концерт кірді. Тұңғыш рет отельдің аумағында Burabike Fest 2019 фестивалін ең ірі ашық аспан астындағы халықаралық фестивальдер форматына жақындатқан шатыр қалашық өрістетілді.
Жыл сайын фестивальге бас менеджері Александр Винокуровтың жетекшілігімен «Астана» велокомандасы қатысады. «Біз «Астана» велокомандасы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының атынан осы біз үшін дәстүрліге айналған қайырымдылық іс-шараны кезекті рет қолдауға қуаныштымыз. Мен Burabike ұйымдастырушыларының барлығына және Болат Өтемұратов Қорына алғысымды білдіремін. Осы жылдардың ішінде Қор қайырымдылық қаражат жинау бойынша қомақты жұмыс атқарды. Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырылуы мен өткізілуіні жоғары деңгейін атап өткім келеді және, әрине, осы демалыс күндерін бізбен бірге өткізгендердің бәріне рақмет, келесі жылы көрісеміз», — деп атап өтті Винокуров мырза.
Жиналған қаражат (қатысушылардың тіркелу жарналары, қайырымдылық аукциондардан түсім, меценаттар мен демеушілердің жарналары, брендті спорттық жабдықтаманы сатудан түсім) Қазақстанның аймақтарындағы балалар ауруханаларын, емханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтауға бағытталады.
«Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалі еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шараға айналды. Біз әрбір қатысушыға, демеушіге, аукционда лот сатып алушыға олардың қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Burabike Fest өткізудің арқасында еліміздің сан алуан аймақтарында медициналық қызметтердің сапасы жақсарады және олардың тұрғындары ең заманауи диагностикалық және реабилитациялық жабдыққа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады», — деп қорытындылады Болат Өтемұратов Қоры директоры Марат Айтмагамбетов.