Алғышқы жас лидер форумына Алматы қаласында Шымкент пен Түркістаннан 500 оқушы жиналады
Жас лидер форумы шілде айының бірінші жартысында Алматы қаласында өтеді және Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасының бірінші жылының қорытындысын шығару алаңына айналады. Форумға жыл ішінде әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен жалпы білім беретін мектептердің 500 үздік оқушылары қатысады.

Jas Leader Akademiiasy жобасы 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша сабақтарды жаппай және жүйелі енгізудің Қазақстандағы алғашқы тәжірибесі болды. Оқу жылы ішінде жасөспірімдер көпшілік алдында сөз сөйлеу, тайм-менеджмент, командалық жұмыс, жанжалдарды шешу және мақсат қою сияқты сұранысқа ие дағдыларды меңгереді. Бірінші пилоттық оқу жылында шамамен 13 мың бала өздері үшін жаңа дағдыларға ие болады.
Жобаның пилоттық нұсқасын Болат Өтемұратов Қоры Шымкент пен Түркістан облысының 50 мектебінде іске қосты. Өңірді таңдау кездейсоқ емес – Түркістан облысы республикадағы мектеп оқушыларының саны бойынша көшбасшы болып келеді, мұнда жарты миллионнан астам мектеп жасындағы балалар тұрады.
«Біз барлығымыз балаларымызға сапалы білім беру қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, бұл тек мектептегі пәндермен шектеліп қалмауы керек. Бүгін алынған білім мен дағдылар болашақ Қазақстан құрылатын негізді қалайды. Қазірдің өзінде біз тың көзқарасты, тың идеялы білімді батыл көшбасшыларды тәрбиелеуіміз керек. Және мен, облысымызда 10-15 жылдан кейін өз ауылын, өз қаласын, елін көркейту жолында еңбек ететін осындай озық ойлы жастардың барына қуаныштымын», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеев.
Барлық сабақтар интерактивті оқыту форматында өткізіледі, бұл сабақтарда ашықтық пен қолдау атмосферасын қалыптастырады. Шымкент қаласындағы №129 мектептің оқушысы Айтбаева Аружанның айтуынша, бұл әдіс оған аудитория алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектесті: «Мен батыл болдым, енді маған күледі немесе сөзімді бөліп, айтуға мүмкіндік бермейді деп қорықпаймын. Және бұл көшбасшылық сабақтардағы сөз сөйлеуге ғана емес, сонымен қатар басқа мектеп сабақтарына және үйге де қатысты. Біз сынға дұрыс жауап беруді, сөзімізді дәлелдеуді, бір-бірімізді тыңдауды және қолдау көрсетуді үйренеміз».
Факультативтік пәндер бағдарламасы мен оқу құралы жасөспірімдерді тәрбиелеу саласындағы мамандардың қатысуымен әзірленді және әлемдік және жергілікті білім беру ерекшеліктерін ескереді. Сабақтарды таңдаулы мектептерде сабақ беретін 100 мұғалім жүргізеді. Олар оқу жылының алдында бір апталық тренингтен өтіп, Jas Leader Akademiiasy бағдарламасымен және оқытудағы жаңа тәсілдермен танысты. Әр мұғалім бір жыл ішінде 32 сағат факультативтік жұмыстарды өткізді, бұл олардың негізгі пәндерін оқыту стиліне де әсер етті. «Көшбасшылық сабақтарында біз «теңіне-тең» қағидасы бойынша жұмыс істейміз, пікірталас кезінде әрқашан оқушының соңына дейін сөйлеуіне мүмкіндік береміз, түзетпейміз, керісінше әртүрлі көзқарастарды ынталандырамыз. Бұл әдісті мен ағылшын тілі сабағына енгізе бастадым, бұл менің негізгі пәнім, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арта түсті», — дейді Түркістан қаласындағы Науаи атынд. №13 мектеп мұғалімі Еркін Абдраимов.
Жыл бойы мұғалімдер әр оқушыны қадағалап, кері байланыс парақтарын толтырады және оның бастамашылығын, сабаққа дайындығын және дағдыларды дамытудағы жетістіктерін атап өтеді. Осы деректер негізінде шілде айында Алматы қаласында өтетін қорытынды форумға Шымкент пен Түркістаннан 250 үздік бағдарлама қатысушысы шақырылады. Бес күн бойы жасөспірімдер шеберлік сабақтарға, командалық және танымдық ойындарға қатысады. Форумды өткізу және балалардың қатысуына кететін барлық шығындарды Болат Өтемұратов Қоры өтейді.
Jas Leader Akademiiasy жобасы жаңа оқу жылында Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы тағы 50 мектепте бастама алады. Алдағы үш жыл ішінде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Алматы облыстарындағы мектептерді қамту жоспарлануда.