Жаңа мектептер, комьюнити-орталығы, зардап шеккендерге көмек – Болат Өтемұратов Қоры 2023 жылды қорытындылады
2023 жылы Болат Өтемұратов Қоры 40,3 млрд теңгені денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым мен табиғи апаттық жағдай кездерінде зардап шеккен жандарға бөлді.

2023 жылы Болат Өтемұратов Қоры 40,3 млрд теңгені денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым мен табиғи апаттық жағдай кездерінде зардап шеккен жандарға бөлді. Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері жыл бойы жасалған жұмысты қорытындылап, басты жобалармен бөлісті. Олардың ішінде – Қазақстандағы ең ірі аутизм орталығы, елімізде алғаш рет «Жайлы мектеп» стандарттарына сай салынған Қосшы мектеп-гимназиясы, Есікте жаңа мектептің іргетасының қалануы және де ел ішінде, сонымен қатар шет елдерде болған табиғи апаттар салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек.
Үстіміздегі жылы Қор 2 жаңа «Асыл Мирас» аутизм орталықтарын ашты – Астана және Семей қалаларында. Елордалық екінші аутизм орталығының аумағы 1140 ш.м құрады. Ол Қазақстандағы ең ірі орталық, жылына 900 балаға дейін қабылдайды. Абай облысында осындай орталық алғаш рет ашылды, бұл жерде 15 мұғалім жылына 300 балаға дейін қабылдайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 12 қаласында 13 аутизм орталығы қызмет атқарып келуде. 2023 жылы интервенциялық 6 бағдарлама бойынша 2889 бала дәріс алды, бағдарлама пайда болғаннан бері ел бойынша оқытылған балалар саны 16000 жетіп қалды. Қор Калифорния Университетімен бірлесе жұмыс істеп жүрген Касари лабораториясы, Атлантатағы Маркус Аутизм орталығы және «Обнаженные сердца» қоры сияқты әлемнің үздік сарапшыларымен 2024 жылы жұмысты бірлесе атқаруды жалғастырмақ.
2023 жылдың өзекті жаңалықтың бірі – ол Kasari Lab зертханасын Қазақстанда аймақтық орталығы ретінде ашу мүмкіндігі. Ол Болат Өтемұратов Қоры мен Конни Касари (INSAR халықаралық аутизмді зерттеу қоғамының президенті, АҚШ-ғы Калифорния университетінің адам дамуы мен психологиясының құрметті профессоры, PhD) арасындағы меморандумға қол қою нәтижесінде пайда болғанын айтып кеткен жөн.
«Аутизм. Баршамызға бір әлем» атты басты бағдарламамен қатар, Қор «Жасыл мектеп» және «Jas leader Аkademiyasy» білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келуде. Осылайша 2023 жылы Алматы, Астана, Шымкент қалаларының, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының 270 мектептеріне аталмыш бағдарламалар бойынша 41000 оқушы білімдерін жетілдірді.
2023 жылы Қор инфрақұрылым саласына аса назар аударды. Аумағы 16000 ш.м. құраған мектеп-гимназиясы бір аусымда 1500 баланы қамтиды. Білім ошағының құрылысына 3,4 млрд теңге қаржы жұмсалды. Бұл еліміздегі “Жайлы мектеп” ұльттық жоба стандарттарына сай салынған алғашқы оқу орны. Мектепті жобалау кезінде интерактивті медиа сыныптары, физика, химия және биология зертханалары, шеберханалар, компьютерлік сыныптар, робототехника және 3D модельдеу студиялары, виртуалды көлік жүргізу және алғашқы әскери дайындық кабинеттерін жасауға көп көңіл бөлінді. Металл, ағаш өңдеу және тігін шеберханалары, қыш және бейнелеу өнері шеберханалары бар шығармашылық кеңістікке ерекше назар аударылды. Бос уақыттарының өзін балалар сапалы өткізе алады. Мысалы, арнайы коворкинг-аймақтарында олар емін-еркін демалып, қалаған кітаптарын оқи алады. Ол бір-ақ жылдың ішінде салынып, толықтай мемлекет тарапына тапсырылды.
Дәл осындай 900-орынды мектеп Есік қаласында да салынбақ. Білім ошағының құрылысы келер жылдың қыркүейгінде аяқталады деп күтілуде.
Жыл соңында Қосшыда жалпы аумағы 8500 ш.м. құрайтын жаңа комьюнити-орталығының іргетасы қаланды. Демалыс орталығы бірнеше бөлімнен тұрады – спорттық, мәдени-ойын-сауық және де білім беру. Онда 233-орынды кинозал, 300-орынды лекциялық зал, конференц-залдар, түрлі студиялар, кітапхана, көрме залдары, көп орынды спорт залдары, хореография залдары мен бассейин, медпункт, заманауи кафелер, арт-студиялар, екі қыс бақтары, кулинария студиялары, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған қосымша оқу орындары, кафе болмақ. Әлеуметтік жоба мемлекетке 2025 жылдың көктемінде сыйға тартылады. Комьюнити орталық Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен салынып, Қосшы қаласына табыс етілетін екінші әлеуметтік жоба болмақ.
Қызылорда әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Бір жылдан кем уақыт ішінде құрылыстың 85% орындалды, толықтай терминал 2024 көктемінде салынып бітпек. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 13 000 ш.м. құрайды. Жылына ішкі және сыртқы рейстерде 220 000 жолаушы әуежай қызметтеріне жүгінетін болады. Жүк тасымалы жылына 150 тоннадан 220 тоннаға дейін ұлғаймақ. Терминалда телескоптық трап, эскалаторлар мен лифттер, жүкті жіберіп, қабылай алатын автоматтандырылған жүйе, транзиттік жолаушыларға арналған зал мен CIP-залы болады. Оған қоса ғимараттың ішінде жолаушылар өзге көмексіз тіркеуден өтуге мүмкіндік беретін бағаналар, Duty Free аумағы және кеден мен шекара қызметтерінің өкілдеріне арналған аймақтар, фитосанитария мен ветеринария бөлімдері, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау мен полиция бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған аймақтарды қамтымақ.
2018 жылдан бері Болат Өтемұратов Қоры табиғи апат салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған отандастарға қол ұшын беріп келуде. Осылайша, 2023 жылы Ақтөбе облысындағы көктемдің Қобда ауылы мен БҚО-ғы Ақсай қаласындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен 300 отбасына көмек көрсетілді. Қолдау Қазақстандық Қызыл Жартыай және ForteBank-пен бірлесе «Көмек картасы» жобасы аясында көрсетілді. Осы аймақтарда судың деңгейі бір метрге дейін көтерілгенін айта кеткен жөн. Одан бөлек Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге және Қарағандының Костенко шахтасында қаза болған жандардың отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Түркиядағы зілзала салдарынан зардап шеккендерге көрсетілген көмек үшін, Түркия мемлекетінің елшілігі Болат Өтемұратов Қорына ерекше алғыс білдірді. «Біз бұл қиын кезеңде көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңізге рақметімізді айтып, танытқан бауырластықтарыңызды аса жоғары бағалаймыз» — деп айтып кетті елшілік хабарламасында Мустафа Капуджу мырза.
Алты жыл бойы Болат Өтемұратов қоры Батырхан Шөкенов қоры шығармашылықтағы жаңа және бұрыннан бар жобаларды сақтауға бағытталған жұмысын қолдап келуде. Осындай жобалардың бірі – музыкалық мәдениеттің тарихымен таныстыратын BAYSA аудио-подкасты.
«Болат Өтемұратов қорының игі істерінің он жылдығы. Инфрақұрылымдық ірі шаралар, денсаулық сақтау, білім беру мен мәдени жобалармен қатар, Болат Өтемұратов қоры аутизм саласындағы өзекті сұрақтарды шешуде септігін тигізіп келуде. Алматыда аутизм орталығы бірінші ашылып, содан бері бұл жобаның маңыздылығы артып келуде. Бүгінгі таңда біздің Қор еліміздің көптеген қалаларында 13 аутизм орталығын ашып үлгерді. 16 мыңға жуық бала мінез-құлықты түзететін бағдарламаларға жазылып, әлеуметтік икемділіктерін арттырып келді. Бұл күрделі әлеуметтік ортаға және айналадағы адамдарға әлдеқайда жеңілірек үйренуге көмектескені сөзсіз. Осының бәрі Қазақстанның әділ азаматтық ортаны құруға бағытталған дамуына өз үлесін қосуда», — деп Болат Өтемұратов қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман ойымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, 7 желтоқсанда Алматыда Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарада филантропия саласында жыл қорытындылары айқындалды.
Алғаш рет әлеуметтік саласындағы жетістіктері үшін Болат Өтемұратов «Жыл меценаты» номинациясына ие болды. получил Булат Утемуратов за выдающие проекты в социальной сфере. Ол қайырымдылық жобаларға, атап айтқанда мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен инфрақұрылымға 150 миллионов доллар мөлшерінде қаржы бөлген.