Air Astana Болат Өтемұратов қорының Autism Friendly бастамасына қосылды
Жобаның мақсаты – аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар адамдар үшін қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыр

Air Astana Болат Өтемұратов қоры жүзеге асырып жатқан Autism Friendly халықаралық бастамасының бір бөлігіне айналды.
Әуе компаниясының қызметкерлері ерекше көзқарасты талап етуі мүмкін жолаушылармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтитын арнайы оқыту сабақтарынан өтті. Бұл білім беру бағдарламасы мінез-құлықтың ерекшеліктерін танып, борттағы уақыттың жайлы әрі тыныш өтуіне жағдай жасауға көмектеседі.
«Авиация – негізінде, қозғалыс пен өзгерістер, ал аутизмі бар адамдар үшін бұл оңайға соқпауы мүмкін. Олардың өздерін қауіпсіз әрі түсінікті ортададағыдай сезінуі маңызды. Сондықтан қызмет көрсету саласындағы барынша қызметкерлердің басым бөлігінің АСБ бар адамдармен дұрыс әрі құрметпен қарым-қатынас жасау жолдарын білуі маңызды деп санаймыз. Біз Air Astana компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Оқытуға қосымша ретінде, сәуір айы бойы Air Astana рейстерінде «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының тәрбиеленушілер салған суреттер негізінде жасалған балаларға арналған бояғыштар таратылатын болады. Бұл акция жыл сайын 2 сәуірде аталып өтетін Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ұйымдастырылуда.
«Аутизм. Әлем барлығымыз үшін біреу» бағдарламасы — Болат Өтемұратов қорының жетекші жобасы. Он жыл ішінде осы бастама аясында Қазақстанның 11 қаласында 13 «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Бұл орталықтар АСБ балалар мен олардың отбасыларына тегін диагностика жасау, кеңес беру және оқыту қызметтерін ұсынады.