28.04.2025

Айнұр Кәрібозова Болат Өтемұратов қорының директоры болып тағайындалды

Ол 2014 жылы Қор құрылғаннан бері оны басқарып келген Марат Айтмағамбетовтің орнына келді. Марат Айтмағамбетовке көп жылғы жұмысы үшін алғысын білдіре отырып, Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов Қордың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. «Осы жылдар ішінде Қор бірқатар ауқымды және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асырды. «Аутизм. Баршаға бір әлем» флагмандық бағдарламасы арқылы айтарлықтай нәтижелерге […]

Ол 2014 жылы Қор құрылғаннан бері оны басқарып келген Марат Айтмағамбетовтің орнына келді.

Марат Айтмағамбетовке көп жылғы жұмысы үшін алғысын білдіре отырып, Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов Қордың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Осы жылдар ішінде Қор бірқатар ауқымды және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асырды. «Аутизм. Баршаға бір әлем» флагмандық бағдарламасы арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді,  жалпы білім беретін мектептер, Қызылорда қаласындағы жаңа әуежай терминалы, Қосшы қаласындағы комьюнити-орталық және басқа да маңызды нысандар құрылысы сияқты жобалар іске асырылды. Сонымен қатар, «Jas Leader Akademiyasy» және «Жасыл мектеп» ірі бағдарламалық жобалары іске асырылды, — деп атап өтті Болат Өтемұратов.

Айнұр Бағдатқызының халықаралық қатынастар, дипломатия, инвестицияларды ілгерілету және жоғары білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Өзінің қоғамдық қызметі шеңберінде маңызды әлеуметтік жобалардың белсенді қатысушысы болып табылады.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон экономика мектебінің магистратурасын тәмамдаған.

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде, Ақпарат және талдау басқармасында Қазақстанның Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Білім министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Болат Өтемұратов қоры 2014 жылы құрылды. Қор инклюзия, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және қоршаған ортаны қорғау сияқты негізгі салаларды қамтитын қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырады. Флагмандық бастамалардың қатарында «Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларға көмек көрсету бағдарламасы бар. 10 жыл ішінде Қор Қазақстандағы қайырымдылық жобаларына 98,4 млрд теңгеден астам инвестиция салды.