Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты
Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты.
Қазіргі кезеңде Ботаникалық бақта өсімдіктерді суару үшін қажет су тартуға арналған екі артезиан ұңғымасын бұрғылау аяқталды және «Атакент» КІЫО жағынан Батыс кіреберіс павильонының құрылысы басталды. Жақын арадағы уақытта Кереңқұлақ өзенінен (әл Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай ағады) су тарту үймеретін тұрғызу, Солтүстік және Оңтүстік кіреберіс павильондарының құрылысы, бордюрлер мен арық науаларын ауыстыру басталады. Келесі саты жаңа тоғандар жасау, жол жабындарын жаңарту, төмен жарықтандыру шамдарын, видеобайқау желісін монтаждау, көше-бақ жиһазын ауыстыру, қоршауларды ауыстыру, навигациялық нұсқағыштар орнату болмақ. Жобаның шеңберіндегі бөлек міндет – қимылдау қиын адамдардың бақта жайлы жүруі үшін жағдайлар жасау, ол үшін арбашаларға арналған пандустар мен соқыр және көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді соқпақтар көзделген. Қайта құрудың шеңберінде флораны толықтыру бөлігінде 1000 шақты жаңа ағаш, ондаған мың бұталар мен гүлдер отырғызылады.
Қайта құру жобасына жетекшілік ететін «Верный Капитал» компаниялар тобының Бас директоры және басқарушы серіктесі Ерлан Оспанов жұмыстардың барысы туралы әңгімелегенде Алматы Әкімдігімен ынтымақтастықтың оң тәжірибесін атап өтті. Атап айтқанда, қала әкімшілігінің қолдауының арқасында Кереңқұлақ өзенінен су тарту үймереті тұрғызылады, сондай-ақ әл Фараби даңғылынан Ботаникалық баққа болашақ Оңтүстік кіреберіске телнұсқа автомобиль жолы салынады. «Жоба белсенді фазасына аяқ басты, су бүрку және суару жүйесін құру бойынша жұмыстар басталды, ескі инфрақұрылымды демонтаждау және Ботаникалық бақтың ерекше статусын ескере отырып, экологиялық нормаларды қатаң ұстануымен кіреберістік топтардың құрылысына дайындық жүргізілуде», — деп түсіндірді ол.
Батыс павильонды тұрғызу процесімен Болат Өтемұратов және Бауыржан Байбек онда қазаншұңқырда іргетас құю үшін дайындық жұмысы жүргізіліп жатқан құрылыс алаңшасында тікелей таныса алды. Батыс павильон Ботаникалық бақ пен «Атакент» КІЫО арасындағы шекарада тұрғызылады, оның ауданы 160 шаршы метр құрайтын болады. Павильонда касса, кіреберістік турникеттер, дәретханалар орналастырылады.
Ботаникалық бақты қайта құрудың бастамашылары Ботаника және фитоинтродукция институтының қолдауымен Болат Өтемұратов Қоры мен «Верный Капитал» компаниялар тобы болды. Жобаның басты қағидаты — бақтың аумағының бүтіндігі мен өзіндік ерекшелігін сақтаумен аялап қайта құру. Жобаның мақсаты бақтың инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңарту, жасыл желек қорын молайту болып табылады. Мегаполис тұрғындары мен меймандарына Ботаникалық баққа оңай қатынау және жайлы уақыт өткізу мүмкіндігін беру және қазақстандық ғалымдардың ботаникалық сан алуандықты сақтау мен өсімдіктер интродукциясы саласындағы жетістіктерін паш ету көзделеді.
Жобаның бастамашылары әуел бастан Ботаникалық бақты қайта құру кезінде ашықтық қағидатын ұстанады. Қайта құру концепциясымен және мастер-жоспармен жұртшылық 2018 жылғы 28 маусымда арнайы ұйымдастырылған тыңдауда таныстырылды. Тыңдауға қатысушылардың ұсыныстамалары мен тілектерін ескере отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйекте қайта құрудың эскиздік жобасы ұсынылды. Үстіміздегі жылы жобаның жекелеген құрауыш бөліктерінің – кіреберіс павильондардың құрылысының, жылу желілерін қайта құрудың, сондай-ақ Кереңқұлақ өзенінен су тарту үймеретін тұрғызудың қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша үш қоғамдық тыңдау өткізілді. Сонымен қатар, қайта құрудың барысы туралы Болат Өтемұратов Қоры БАҚ арқылы, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы құрылған беттерде («Бас ботаникалық бақты қайта құру» беттері) үнемі хабарлап отырады, онда кез келген пайдаланушының өзінің комментарийін қалдыруға, не болмаса сұрақ қоюға мүмкіндігі бар.