BURABIKE FEST 2019 EVENTIADA IPRA GOLDEN WORLD AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Болат Өтемұратов Қоры жыл сайын өткізетін Қазақстанның ең ірі қайырымдылық іс-шарасы «Үздік волонтерлік жоба» номинациясында екінші орын алды.

2019 жылғы 12 қарашада Мәскеуде Жұртшылықпен байланыстар жөніндегі халықаралық ассоциация (IPRA) 1990 жылдан бері өткізіп келе жатқан ғаламдық конкурс IPRA GWA сыйлығының аймақтық серіктесі, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі Eventiada IPRA Golden World Awards коммуникациялар саласындағы сыйлығының қорытындылары шығарылды.
Биылғы жылы өтінімдер әлемнің 13 елінен: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Польша, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Украина, Хорватия мен Эстониядан келіп түсті. Бес номинациялар блогының жеңімпаздары, конкурстың Grand Prix және дербес марапаттарының лауреаттары салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды.
Құрамына ең ірі халықаралық компаниялардан, университеттерден, мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жетекші кәсіпқойлар кіретін сараптау комиссиясының шешімімен, Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық іс-шарасы, Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі «Үздік волонтерлік жоба» номинациясында екінші орын алды.
«VII Burabike 2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі шын мәнінде айтулыға айналды, — дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов, — Іс-шара бұл жылы кеңейтілген екі күндік бағдарламасымен ерекшеленді және қатысушылардың саны мен қайырымдылық жиындардың сомасы – тиісінше 4 мың адам және 300,2 млн. теңге — бойынша барлық рекордтардан асып түсті. Біз беделді халықаралық сарапшылар біздің жобамызды жоғары бағалағанын және бізге Eventiada IPRA Golden World Awards коммуникациялар саласындағы атақты халықаралық сыйлықты бергенін мақтан тұтамыз. Бұл шынымен биік жетістік және кәсіби танымалдық».
Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалі – Қазақстанда және Орталық Азия аймағында баламасы жоқ жоба. Биылғы жылы іс-шара 24 және 25 тамызда Шортанды-Бурабай курорттық аймағында Rixos Borovoe отелінің аумағында өтті. Кеңейтілген бағдарламаға 35 км және 70 км қашықтыққа әуесқойлардың веложарыстары, сондай-ақ 10 км қашықтыққа велошеру, аукциондар, күндік Open Air, теннис турнирі және қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен 31 арнадан концерт кірді. Тұңғыш рет отельдің аумағында Burabike Fest 2019 фестивалін ашық ауадағы ең ірі халықаралық фестивальдердің форматына жақындатқан шатыр қалашық жайылды. Жиналған қаражат (қатысушылардың тіркеу жарналары, қайырымдылық аукциондардан түскен түсім, меценаттар мен демеушілердің жарналары, брендтелген спорттық жарақтама сатудан түскен түсім) дәстүр бойынша Қазақстанның аймақтарындағы балалар ауруханаларын, емханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтауға бағытталады. Burabike 2019 бенефициарлары ретінде Қызылорда қаласындағы «Ана мен Бала» облыстық перинаталдық орталығы, Есіл орталық аудандық ауруханасы (Ақмола облысы), Бішкүл селосындағы Қызылжар аудандық ауруханасы (Солтүстік Қазақстан облысы), Жаңғалы аудандық ауруханасы (Батыс Қазақстан облысы), Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық ауруханасы, Шелек селосындағы аудандық аурухана (Алматы облысы), Травматология және ортопедия ҒЗИ (Нұр-Сұлтан қаласы), Петропавл қаласындағы «Аутизм. Баршамызға бір әлем» психологиялық-педагогикалық терапия кабинеті» (Солтүстік Қазақстан облысы) таңдалды.
Eventiada IPRA Golden World Awards – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі коммуникациялар саласындағы сыйлық. Ол 2011 жылы EVENTИАДА Бүкілресейлік студенттік event-жобалар конкурсына өтінімдер қабылдаудан бастау алады. 2017 жылдан бері Eventiada Жұртшылықпен байланыстар жөніндегі халықаралық ассоциация (IPRA) 1990 жылы бері өткізетін ғаламдық сыйлық – IPRA GWA сыйлығының аймақтық кезеңі болып табылады.