28.12.2020

Қазақстандағы тоғызыншы «Асыл Мирас» Аутизм Орталығы Павлодарда ашылды

Павлодар облысында аутистік спектрдегі ауытқулары бар балалармен жұмыс істеудің үздік әлемдік тәжірибелері мен әдістері енгізіледі. Бүгін мұнда Болат Өтемұратов қоры мен Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен күшімен құрылған «Асыл Мирас» Аутизм Орталығының ашылуы өтті.

«Болат Өтемұратов Қорына орталықты ашуға жәрдемдескені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Біздің облыс оған бұрыннан мұқтаж болды, және бүгін бәріміз үшін керемет оқиға. Ата-аналар мен ҮЕҰ өкілдеріне ұзақ уақыт күткендері үшін алғыс атқым келеді. Мен сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасамын және орталықтың ашылуы Павлодар облысындағы аутизмді түзетудің жаңа кезеңіне айналады деп шын жүректен тілеймін», — деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.


CDC (АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы) мәліметтері бойынша қазіргі кезде әлемдегі 54 баланың біреуінде аутистік спектрдегі ауытқулар (АСА) диагнозы қойылған. Қазақстанда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің (ПМПК) мәліметтері бойынша аутизм 3820 балада анықталды. Алайда, халықаралық сарапшылардың бағалауынша, АСА бар балалардың нақты саны бұл көрсеткіштен едәуір асып түседі — Орегон штатының (АҚШ) Аутизм институтының директоры, Эрик Фомбонне докторының есептеулері бойынша, біздің еліміздегі 59 мың балада аутистік спектрдегі ауытқулары бар. Павлодар облысында АСА бар 309 бала ресми түрде тіркелген.


2015 жылдан бастап Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры «Аутизм. Баршымызға бір әлем» бағдарламасын  жүзеге асырады. Ол аутистік спектрдегі ауытқулары бар балаларға көмек көрсетудің ең тиімді әдістерін Қазақстанда зерттеуге және енгізуге бағытталған. Бағдарлама шеңберінде қазір Қазақстанның тоғыз қаласында (Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Қызылордада, Өскеменде, Ақтөбеде, Оралда, Шымкентте, Петропавлда және Павлодарда) «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары құрылды. Олардың негізгі міндеті — АСА алғашқы кезеңде анықтау, балаларды әлеуметтендіру және оларда қажетті дағдыларды дамыту. Орталықтарда 7,5 мың бала диагностикадан өтті, 5,5 мыңнан астам бала бағдарламаларға тіркелді, оларды 4,3 мың бала бітірді. «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары тегін негізде жұмыс істейді.


«Біздің Орталықтардың есіктері күн сайын барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық, мұнда ең озық әдістер бойынша оқытылған біздің мамандар АСА диагнозын қоюға тегін көмек береді және егер баланың бұзылулары анықталса, оны қажетті дағдыларды дамыту үшін тиісті бағдарламаға тіркейді.  Біздің барлық орталықтар Калифорния университеті мен Атлантадағы Marcus Autism Center әзірлеген американдық технологиялар бойынша сабақтар өткізеді. Бұл технологиялар өз тиімділігін дәлелдеді. Біздің орталықтарда оқыған немесе оқып жатқан кез-келген балада дамудың ілгерілеуі көрінеді», — деп атап өтті Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.
«Біздің Орталықтардың есіктері күн сайын барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық, мұнда ең озық әдістер бойынша оқытылған біздің мамандар АСБ диагнозын қоюға тегін көмек береді және егер баланың бұзылулары анықталса, оны қажетті дағдыларды дамыту үшін тиісті бағдарламаға тіркейді.  Біздің барлық орталықтар Калифорния университеті мен Атлантадағы Marcus Autism Center әзірлеген американдық технологиялар бойынша сабақтар өткізеді. Бұл технологиялар өз тиімділігін дәлелдеді. Біздің орталықтарда оқыған немесе оқып жатқан кез-келген балада дамудың ілгерілеуі көрінеді», — деп атап өтті Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.


АСБ ауыратын балалардың ата-аналары «Асыл Мирас» орталығы аймақ үшін қажет деген пікірін бірауыздан білдірді. Аутизммен ауыратын баланың анасы, Терентьева Мария бөлісті: «Біз бұған дейін Өскемендегі ұқсас орталықта болғанбыз, оның әдістерімен таныспыз. Әрине, қаламызда «Асыл Мирас» орталығының ашылғанына қуаныштымыз. Енді біз мамандардан тұрақты түрде кеңес ала аламыз, және өзіміз балалармен жұмыс істеуге үйренеміз. Ең бастысы –  АСБ ауыратын баланың ата-анасы осындай ерекше баламен қалай әрекет етуді білуі. Мамандар бізге көмектеседі деп үміттенеміз. Осындай орталық ашқаны үшін облыс әкіміне және Болат Өтемұратовқа рахмет».

Аутист балалар мен ділдік бұзылулары бар балаларға арналған «Алтын Бата» ҚҚ Оңалту орталығының директоры Стильвага Евгения атап өтті: «Павлодарда «Асыл Мирас» орталығының ашылуы — бұл өте үлкен қадам, өйткені бізге бірегей технологиялар мен әдістер қол жетімді болды. Бұрын біздің ата-аналарымыз Нұр-Сұлтанға, Алматыға немесе осындай орталықтар орналасқан басқа қалаларға баруға мәжбүр болған».