ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

Ол кісі дайындық жұмыстар қызу жүріп жатыр, — деді. Жоба командасы сметалық-жоба құжаттамасын әзірлеп жатыр. Аумақты аймақтандыру жүріп жатыр, мамандар сызбаларын жасап, ботаникалық бақ коммуникациялары мен жаңа егулер нобайларын өңдеуде. Осыдан кейін жоба үлкен мемлекеттік сараптамадан өткізіледі де, Қор жөндеу жұмыстарын бастау үшін, құрылыс-сәулет комитетінің мақұлдауын алуға жүгінеді.
Ал қайта құрудың өзі көктемнің ортасына қарай басталып, 2019 жылдың аяғына дейін бітіріледі. Осы уақытта ботаникалық бақ жұмысын жалғастырады, демек оның өзгеруін әркім өз көзімен көріп қадағалай алады! Естеріңізге сала кетейік: ботаникалық бақтың жануарлар және өсімдік әлеміне зиян келтірілмейді, керісінше, олардың саны ұлғаяды!