02.04.2019

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Осы күннің қарсаңында Болат Өтемұратов Қоры «Асыл Мирас» орталығында дәріс алатын РАС бар 3 баланы әлеуметтік роликтің түсіріліміне қатысуға шақырды. Алишер Акимбаев (8 жаста) және оның әжесі Валентина, Аслан Реймбай (4 жаста) және анасы Гульжан, Аружан Ильяс (12 жаста) және оның анасы Гульдана өздерінің хикаяларымен бөлісті.

Роликті келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=Xkc93ZkWf9I

СDC (АҚШ ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы) деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 59 баланың біреуіне аутистикалық спектрдің ауруы (РАС) диагнозы қойылады. Бұл орайда, аутизм ұл балаларда қыз балаларға қарағанда төрт есе жиі анықталады – 37 ұл баланың біреуінде РАС бар.

«Аутизмнің пайда болу себептері туралы мамандар көптен бері, бірақ бекер пікір таластыруда. Әлі ешкім де нақты бір нұсқаның пайдасына иландыратын уәждер келтірген жоқ. Бірақ, ең бастысы, әрбір ата-анаға мынаны білу керек: аутизм – үкім емес. Бүгін РАС бар балаларды бейімдеу мен қажетті машықтарын дамытудың тиімді әдістері бар. Балада РАС неғұрлым ерте анықталса, ата-аналар мамандарға неғұрлым ерте жүгінсе, бүгінгі қоғамда дербес, толыққанды өмір сүруге қабілетті адамды өсірудің орайы соғұрлым жоғары. Сондықтан, адамдардың аутизм жайында хабардар болғаны, оның нышандарын білгені және, баланың дамуында артта қалу байқалған жағдайда, мамандарға жүгінгені өте маңызды», — дейді Болат Өтемұратов Қорының бағдарламаларының директоры Жаныл Мукашова.

«Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасының шеңберінде Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан алты қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе мен Оралда) өтеусіз негізде жұмыс істейтін «Асыл Мирас» аутизм орталықтарын құрды. Олардың басты міндеті — РАС ең бастапқы кезеңінде анықтау, сондай-ақ балаларды коррекциялау және әлеуметтендіру. Қордың мамандары аутистік спектрдің аурулары бар балалардың қажетті машықтарын дамытуға көмектеседі. Қордың бес жыл жұмысы уақытында «Асыл Мирас» орталықтарында 5 мыңға жуық бала диагностикадан өтті, олардың ішінде шамамен 3700 бала машықтарды дамыту бағдарламаларына қабылданды.

«Біздің Орталықтарымыздың есігі барлық ата-аналар мен балалар үшін күн сайын ашық, мұнда, ең озық әдістемелер бойынша дайындалған біздің мамандар РАС диагностикалауға мүлдем тегін көмектеседі және, балада ауру анықталған жағдайда, оны қажетті машықтарды дамыту бойынша тиісті бағдарламаға қабылдайды. Біздің орталықтарымыздың барлығы Калифорния университетінде және Атлантадағы Marcus Autism Center орталығында әзірленген американдық технологиялар бойынша дәрістер өткізежі. Бұл технологиялар өзінің тиімділігін дәлелдеді. Орталықтарымызда дәріс алған немесе алатын әрбір балада дамуында прогресс байқалады», — дейді Мукашова ханым.

«Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасы қордың алғашқы және ең ірі ауқымды жобаларының бірі болып табылады. Ол «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісі арқылы аутистикалық спектрдің аурулары (РАС) бар балаларға көмек көрсетудің неғұрлым тиімді әдістемелерін зерделеуге және Қазақстанда енгізуге бағытталған. Болат Өтемұратов Қорының жоспарларында тағы екі қалада сондай Орталықтар ашу бар.