Джокович, Алькарас, Медведев және Оже-Альяссим Астанадағы аутизм орталығында болды
Беделді жарыстағы матчтарының қарсаңында теннисшілер әлеуметтік іс-шараларға уақыт бөлді, деп хабарлайды ҚТФ. Елордадағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына келген балалар мен ата-аналар спорт жұлдыздарын алғашқылардың бірі болып қарсы алды. Болат Өтемұратов Қоры аутизмі бар балаларға арналған осындай орталықтарды Қазақстанның 10 қаласында ашты

Теннис федерациясының президенті және қордың негізін қалаушы Болат Өтемұратов әлемнің бірінші ракеткасы испан Карлос Алькарасқа, «Үлкен шлемнің» 21 дүркін чемпионы серб Новак Джоковичке, Канаданың бірінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссимге және әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведевке орталықты көрсетті.
Экскурсия барысында қонақтарға аутизмнің ерте белгілері және уақытылы диагноз қоюдың маңыздылығы туралы айтылды. Ата-аналардың айтуынша, оларды алаңдатқан белгілердің арасында – сөйлеудің, көзбен жанасудың және басқа балалармен ойнауға деген қызығушылықтың болмауы, ойыншықтарды сапқа немесе түстер бойынша қатарлап қою.
Барлық 10 “Асыл Мирас” орталығында 3 жасқа дейінгі кішкентай балаларды ерте қолдау бағдарламасы ашылды. Балалар мен ата-аналарға бала сөйлемесе де, бір-бірін түсінуге, дағдарыс жағдайларымен күресуге, құрдастарымен ойнауға және тағы басқаларға үйретеді. Уақытына алынған түзету күтімі баланың тәуелсіз және толық ересек өмір сүру мүмкіндігін арттырады.
Сапардан естелік ретінде қонақтарға балалардың салған суреттері ұсынылды.