18.02.2020

ЕСІЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ BURABIKE FEST ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ БЕНЕФИЦИАР БОЛДЫ

Ақмола облысындағы аурухана 73 миллион теңгеге медициналық жабдыққа ие болды

Аумағы 8 мың шаршы километр, бір қала және 17 ауылдық округ, 25 мың адам халқы бар, дегенмен бір де бір реанимобиль жоқ, 20 жыл бұрынғы медициналық жабдық физикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да ескірген. Ақмола облысындағы Есіл аудандық ауруханасының дәрігерлер ұжымы 2020 жылдың басына дейін осындай жағдайларда өмір сүріп, жұмыс істеп келді.


«Мынадай жағдайды елестетіп көріңізші – сізде үшінші категорияның ауыр жағдайындағы босанатын әйел, ондайларды сіз 350 километрге Көкшетауға, тіпті болмаса, одан да қашыққа – 415 километрге Нұр-Сұлтанның өзіне перзентханаға жеткізуге міндеттісіз. Жылдам апару керек, өйткені нәрестенің және анасының өмірі қыл үстінде! Ал сізде арнайы автокөлік жоқ, оларды немен апарасыз? Біз жедел жәрдем станциясынан «Газель» немесе көрші аудандардағы әріптестерімізден реанимобильдерді сұрап, амалын табатынбыз. Және әр кез сайын бүкіл ұжымымызбен стресс бастан кешетінбіз. Енді бізде өзіміздің жаңа, заманауи реанимобиліміз бар, және енді арнайы көлік іздеуге байланысты қарбалас жағдаяттар болмайды», — дейді Есіл ауруханасының бас дәрігері Дастан Асанұлы.
Аурухана жылдың басында адам өмірін құтқаруға және сақтап қалуға арналған толық жарақталымы бар Mercedes-Benz маркасының флагмандық реанимобилі, хирургия бөліміне заманауи наркоздық-тыныс аппараты және реанимация бөліміне жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған инкубатор кіретін медициналық жабдық жиынын алды.


«Біздің 20 жылдан асқан, әлі кеңес үкіметі кезінде әзірленген ескі наркоздық-тыныс аппаратымыз өзі де құруға шақ қалған болатын, оған енді қосалқы бөлшектер табу мүмкін емес еді. Енді бізде барлық керек-жарағымен бірге наркоз тереңдігі мен седация мониторингі жүйесімен жиынтықта еуропалық өндірістің жап-жаңа аппараты бар. Енді бізде реанимация бөлімшесі үшін оттегі мен ылғалдылық деңгейі реттелетін жаңа жапон инкубаторы бар, оның арқасында біз көптеген шала туатын және ауыр нәрестелерді аман алып қаламыз!» — деп қуанышын ортаға салады бас дәрігер.
Ауруханаға елеулі сыйлықты Болат Өтемұратов Қоры жасады, осы ұйымнан Дастан Асанұлы көмек сұраған болатын. Өтініші орынды болды – Қордың бүкіл Қазақстан бойынша ауруханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтау бойынша бірегей жобасы бар.
«2013 жылдан бері отыз шақты ауруханаға, перинаталдық орталықтар мен басқа да медициналық мекемелерге 1 миллиард теңгеге жуық жалпы сомаға өмірлік маңызды жабдық сыйладық, — дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов, — Ақмола облысында Есіл ауруханасы енді жетінші, оның үстіне біздің жобамыздың бүкіл тарихындағы ең ірі бенефициар. Жабдық жиынының жалпы құны рекордты 73 миллион теңгені құрады».


Бүкіл ел бойынша медициналық мекемелерді жарақтау Болат Өтемұратов Қоры Rixos Borovoe отелімен бірлестікте 2013 жылдан бері Бурабай-Шортанды курорттық аймағында жыл сайын ұйымдастыратын Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалінің қатысушылары мен демеушілерінің арқасында жүргізіледі. Фестивальдің бағдарламасына қайырымдылық аукциондар, веложарыстар мен велошеру, мастер-кластар, концерт, пикник, спорттық жарыстар кіреді. Іс-шара бүкіл Қазақстаннан, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан спорт және белсенді өмір салты әуесқойларын тартады. Өткен жылы, мысал үшін, фестивальге меймандардың рекордты саны – 4 мыңнан астам адам қатысты. Burabike Fest негізгі бөлімі Шортанды айна көлінің жағасында Rixos Borovoe отелінің көркем аумағында өтеді.
Демеушілік жарналардан, жеке құрмалдықтардан, тіркеу жарналарынан, аукциондардың, сондай-ақ кәдесыйлар мен брендті киім-кешек дүкенінің түсімінен қайырымдылық ақша жиындары қалыптастырылады. Оларға Болат Өтемұратов Қоры жабдық сатып алады және медициналық мекемелерге табыстайды. 2019 жылғы фестивальдің қорытындылары бойынша сондай сегіз мекеме таңдалды.
«Өткен жылы қайырымдылық мақсатында жиналған сома рекордтық 300,2 миллион теңге құрады, — деп жалғастырады Марат Айтмағамбетов. – Демеушілер ретінде көрінген біздің серіктестеріміздің, белсенді өмір салтын ұстанатын және фестивалге қатысқан отандастарымыздың арқасында бүкіл ел бойынша сегіз медициналық мекеме оларға пациенттеріне ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға көмектесетін жабдық алады. Мен Есіл аудандық ауруханасының ұжымына жабдықты Burabike Fest ортақтас жандардың баршасының атынан табыстауға қуаныштымын. Есіл ауданының барлық тұрғындарына мықты денсаулық және ұзақ, бақытты ғұмыр тілеймін!»
Үстіміздегі жылы Burabike Fest 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуеттегі бенефициарлардан медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер қабылдайды. Іс-шараға қатысушыларды тіркеу 1 наурыздан бастап burabike.kz сайтында ашылады.