Jas Leader бүкіл елдегі оқушылардың өмірін қалай өзгертуде
Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының арқасында Қазақстанның 41 500 оқушысы көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын меңгеріп, өз ойын тиімді жеткізуді және өзгелерге ілтипат танытуды үйренді. Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен әзірленіп, жүзеге асырылған жоба енді ең ірі сертификатталған ұйымдардың басқаруына өтеді. Бұл — одан да көп оқушы мен мұғалімнің оқудан өтіп, білім алуына мүмкіндік береді. Jas Leader […]
Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының арқасында Қазақстанның 41 500 оқушысы көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын меңгеріп, өз ойын тиімді жеткізуді және өзгелерге ілтипат танытуды үйренді.
Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен әзірленіп, жүзеге асырылған жоба енді ең ірі сертификатталған ұйымдардың басқаруына өтеді. Бұл — одан да көп оқушы мен мұғалімнің оқудан өтіп, білім алуына мүмкіндік береді.
Jas Leader бағдарламасының мәні неде?
Jas Leader бағдарламасы 2021 жылы бастау алды. Оған Қазақстанның 17 өңіріндегі 124 мектептен 5–11-сынып оқушылары қатысты. 200-ден астам педагог арнайы оқытудан өтіп, өз оқушыларына тренер болды.
Сабақтар факультатив форматында өтті: жасөспірімдер көшбасшылық тақырыбын және танымал тұлғалардың өмірбаянын талқылап, түрлі ойындарға және командалық жобаларға қатысып, қарым-қатынас, өзін таныстыру дағдыларын дамытты.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, педагогтерді оқыту, оқу үдерісін ұйымдастыру және жыл сайынғы форумдарды өткізу бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарылды.
«Jas Leader мен үшін жай ғана факультативтен әлдеқайда артық болды. Мен өз ойымды ашық айтуға, топпен жұмыс істеуге, басқаларды тыңдауға үйрендім. Бір ойында біз қағаздың үстінде тұрдық, әр раунд сайын орын тарылып отырды. Құлап қалмас үшін бір-бірімізден ұстап, сүйендік. Сырттай қарасаң, қарапайым ойын сияқты, бірақ шын мәнінде ол қолдау мен сенім туралы. Бағдарламаның өзі де бізді дәл соған үйретеді», — дейді бағдарламаға қатысушылардың бірі, Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ақжан Бақытбекова, өз әсерімен бөлісіп.
Әр оқу жылының қорытындысы ретінде Алматы қаласында Jas Leader форумы өтіп отырды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен ең белсенді қатысушылар шақырылатын. 2025 жылы форум 12–15 шілде аралығында «Тау Самал» демалыс орнында өтіп, 200-ден астам жасөспірімді біріктірді. Бағдарлама аясында тренингтер, экскурсиялар және спорттық белсенділіктер ұйымдастырылды.
Табыс тарихтары мен мотивация
Қатысушылармен өздерінің жеке табыс тарихымен белгілі деректі фильм түсіруші Әлия Әшім, өнерпаз Мұрат Мүтұрғанов, биші Рэнди, сондай-ақ UFC жауынгері Шавкат Рахмонов бөлісті.
«Jas Leader бағдарламасы 2021 жылдан 2025 жылға дейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі ондаған мың оқушыға өзіне деген сенімділікті, коммуникациялық дағдыларды, командада жұмыс істеуді және жауапкершілікті өз мойнына алуды дамытуға көмектесті. Бұл — теория емес, практикалық тренингтер, жобалық жұмыс, тірі қарым-қатынас, яғни бүгінгі таңда жеке әрі кәсіби өсім үшін аса қажет дүниелердің бәрі. Оқушылар өз ойын еркін жеткізуге, қақтығыстарды шешуге, бастама көтеруге және ортақ істің бір бөлігі екенін сезінуге үйренді. Енді біз бағдарламаны мемлекеттік жүйеге өткізіп жатырмыз — бұл маңызды тәжірибені мүмкіндігінше көп бала алуы үшін», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Айнұр Қарібозова.