16.04.2020

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан Қызыл Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесіп, табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен Қазақстанның азаматтарына ақшалай қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда

Қостанай облысының Қарамырза ауылында бүгін Қызыл Ай Қоғамының жауап қимылдау тобы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 61 отбасына шотында ақша бар карталарды берді. 197 адам 9 850 000 теңге жалпы сомаға көмек алды. Алған ақшаға адамдар бірінші қажеттілік тауарларын сатып алып, мүлкін ішінара қалпына келтіре алады.

«Өкінішке қарай, дәстүрлі көктемгі су тасқыны биылғы жылы қайталанып отыр және, елдегі төтенше жағдайға қарамастан, біз және біздің серіктестеріміз жұмысымызды және бенефициарлардың мүдделерінде «Көмек картасы» жобасын іске асыруды жалғастырамыз. Отандастарымыз үшін су басу салдарының ауырлығын жеңілдетеміз деп үміттенеміз», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылы басталған болатын. Болат Өтемұратов Қоры табиғи және техногендік алапаттардан зардап шеккен ел аймақтарының тұрғындарына қолдау көрсету үшін ақша бөледі. Қызыл Ай Қоғамы көмекке мұқтаждарды алушыларды анықтайды және оларға шотында ақша бар Fortebank карталарын табыстауды ұйымдастырады. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 863 отбасы 82 миллион теңгеге жуық жалпы сомаға жәрдем алды. 2019 жылы 76 отбасына 114 миллион теңгеге жуық жалпы сомаға ақшалай көмек көрсетілді. Ол ақшаны Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында су тасқынынан зардап шеккендер, сондай-ақ оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындары алды.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы жергілікті ТЖ органдарымен ынтымақтастықта аймақтардағы жағдаятты қадағалауда және ықтимал су тасқыны орындарына сапарға шығуға әзір.