ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.
Су басқан аймақта Қарағанды облысының Шет ауданының барлығы 5 елді мекені қалды:
- Ақсу-Аюлы ауылы;
- Қызылқой ауылы;
- Нұра ауылы;
- Красная поляна ауылы;
- Бұрма ауылы.
Қызыл Ай қызметкерлері жағдаятты бағалауды жүргізді және халықтың осал топтарынан неғұрлым зардап шеккен үй шаруашылықтарын анықтады. Ондайларға үйлері түгелдей қираған адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты аналар және көп балалы табысы аз отбасылар жатады. Барлығы 300 адам 10 миллион теңгеден астам сомаға (адам басына 30 000 теңгеден) көмек алады.
Көмек карталарын тарату бейсенбі күні, 2019 жылғы 18 сәірде, Ақсу-Аюлы ауылында басталды. Қалағандардың және жақын жердегі елді мекенге тауарлар сатып алу үшін сапарға шығуға мүмкіндігі жоқ барлығына жергілікті көлікті қамтамасыз етеді.
Аталған қаражат адамдарға өздерінің мүлкін ішінара қалпына келтіруге, нәубеттен зақымдалған заттарын ауыстыруға, баспанасын қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарын сатып алуға көмектеседі.
Қазіргі сәтке қарай жоғарыда аталған елді мекендерде азаматтардан өтінімдер қабылдау мен жағдаятты және зардап шегушілердің қажеттіліктерін бағалау жалғасуда. Статистика мен көрсетілетін көмек жөніндегі ақпарат өзгеруі мүмкін.