Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Ай Алматы облысында селден зардап шегушілерге көмек көрсетті
3 маусымда нөсер жаңбыр мен селдің нәтижесінде Алматы облысының Панфилов ауданының Пиджим кентінің басым бөлігі су мен лайдың астында қалды. Дүлей күш жолдарды, жергілікті тұрғындардың үйлері мен шаруашылықтарын қиратты.

Зардап шеккен пиджимдіктерге көмектесу үшін, Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай қоғамы «Көмек картасы» жобасының шеңберінде бүгін шотта ақшасы бар банк карталарын беруді ұйымдастырды. Көмектің жалпы сомасы 28 млн. теңгені құрады, оны әрбір адамға 30 мың теңгеден есепте 177 отбасынан 936 адам алды.
«Үстіміздегі жылы біз Қарағанды облысының Шет ауданының, Көкшетау мен Петропавл тұрғындарына 28,7 млн. теңге жалпы сомаға көмек көрсеткен болатынбыз. Әрбір жағдайда су тасқынының себептері әр қалай болуы мүмкін, бірақ салдары бірдей – адамдардың үйлері, шаруашылықтары, мүлкі зиян тартады. Біздің көмегіміз отандастарымызға қиын сәтте қолдау болады деп ойлаймын», — дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов.
Алынған ақшаны пиджимтіктердің көпшілігі үйлерін жөндеуге, мүлкін қалпына келтіруге жұмсайды. Кальбинур Масимова, мысалы, өзіне, күйеуіне және төрт баласына алған 180 мың теңгені жазғы үйді жөндеуге жаңа кілемдер сатып алуға жұмсағысы келеді. Гульфия Ажинурова – оның сегіз адамнан тұратын отбасы өсіретін жүгеріге арналған тыңайтқыштарды қайтадан сатып алуға жұмсамақ. Бұрын сатып алынған тыңайтқыштарды су шайып әкетті. Ал жалғыз басты зейнеткер Жанам Касымова қой қораны қалпына келтірмек.
«Көмек карталарын» алушыларды оқиға орнына барған Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының қызметкерлері анықтады. Оларға үйлеріне зақым келген адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты аналар мен көп балалы табысы аз отбасылар жатады.
«Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылы басталған болатын. Болат Өтемұратов Қоры ел аймақтарының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қолдау көрсету үшін ақша бөледі, Қазақстанның Қызыл Ай қоғамы көмек алушыларды анықтауйды және оларға шотта ақша бар Fortebank карталарын табыстауды ұйымдастырады.
Өткен жылы Болат Өтемұратов Қорынан материалдық қолдауға Семей, Аягөз және Зырянов ауданын қосқанда, Шығыс Қазақстан облысының 20 қаласы мен кентінде су тасқынынан зардап шеккен 3000 адам (863 отбасы) ие болды. Зардап шегушілерге көмөкке бөлінген жалпы сома 82 млн теңгені құрады.