Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді
Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.

Болат Өтемұратов Қорының көмегі аясында Арал ауданының сегіз жүз аз қамтылған отбасы 900 тонна құрама жем алады. Бұл көлем 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың мамырына дейінгі мерзімге жетеді.
Мал басын сақтап қалу және жайылымдарды суландыру үшін аумақта жаңа су ұңғымалары қажет, сонымен қатар арықтарды тазарту және суағар құрылыстарды жөндеу талап етіледі. Осы шаралар шеңберінде су деңгейін көтеруге және Қамыстыбас пен Ақшатау көл жүйелерін толтыруға мүмкіндік беретін Аманөткел елді мекені аумағындағы Сырдария өзенінде «Аспай» сутірегі қалпына келтіріледі, қазіргі уақытта ауыз суға қолжетімділігі жоқ — тұрғындар 35 шақырым қашықтықта орналасқан құдықты пайдаланатын шалғайдағы Бел Аран ауылды аймағын қоса ұңғымаларды бұрғылайды. Сонымен қатар, ауылдық аймақтардағы ауылдық тұтыну кооперативтерінің мал азығын жинауына арналған тракторлар, шөп шабатын машиналар, соқалар, пресс-жинағыштар сатып алынады. Алыс мал жайылымдарындағы малдарды сумен қамтамасыз ету үшін су тасушылар, жайылымдар мен шабындықтарды суару үшін дизельдік сорғылар сатып алынады.
Қаражаттың жұмсалуы мен жем-шөптің таратылуын бақылауды қоғам өкілдерінен құрылған арнайы комиссия жүзеге асырады.