28.01.2020

БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

2020 жылғы 20 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Алматы облысындағы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады. Ол Burabike Fest 2019 VII спорттық-музыкалық фестивальдің қорытындылары бойынша медициналық жабдыққа ие болған алғашқы бенефициар болды.

Қайырымдылық іс-шарасы 2013 жылдан бері жыл сайын Ақмола облысы Шортанды-Бурабай курорттық аймағында өткізіледі. Барлық ақша жиындары, атап айтқанда тіркеу жарналары, демеушілік құрмалдықтар, қайырымдылық аукциондар мен брендтті спорттық киім-кешек дүкенінің түсімі дәстүр бойынша басым түрде Қазақстанның аймақтарында ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен емханалар үшін өмірлік маңызды медициналық жабдық сатып алуға бағытталады. Burabike Fest ұйымдастырушылары Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі болып табылады.


Құны 14 миллион теңге өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты Шелек ауылындағы 180 төсек-орынға шақталған және Алматы облысы Еңбекшіказақ ауданының 50 мың адам халқына қызмет көрсететін аудандық ауруханасының жөндеуден өткен оңалту бөлімшесіне табысталды. Аурухана директоры Гульнара Кураметова жаңа ӨЖЖ аппараты пациенттерді оңалтуда жақсы көмек болатынын атап өтті. Ол Burabike Fest 2019 қатысушылары мен демеушілеріне, сондай-ақ Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді.


«Burabike Fest 2019 қатысушылары мен демеушілерінің арқасында қайырымдылық жиынның сомасы рекордтық 300,2 миллион теңге құрады. Бүкіл ел бойынша сегіз медициналық мекемеге пациенттерге ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға көмектесетін жабдық сатып алынады. Олардың қатарында – Шелек ауылындағы аудандық аурухана. ӨЖЖ аппаратын табыстай отырып, оны пайдалануға мүмкіндігінше аз себеп болсын деп тілеймін», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қоры директоры Марат Айтмагамбетов.
Алдындағы жылдары Алматы облысында Болат Өтемұратов Қорынан жабдық Талдықорған перинаталдық орталығы, Панфилово (Талғар ауданы) және Алакөлдегі (Алакөл ауданы) аудандық ауруханалар алған болатын.
Үстіміздегі жылы Burabike Fest 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуеттегі бенефициарлардан медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер қабылдайды.