Болат Өтемұратовтың Қоры «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі — Елбасы» акциясын қолдады
Болат Өтемұратовтың Қоры ұйымдастырған 4 000 азық-түлік себеті елдің ең тығыз қоныстанған қалалары — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда тұрғындарына жеткізіледі.

Азық-түлік жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалы отбасыларға беріледі. Отбасылардың тізімдері облыстық әкімдіктермен бірлесіп құрылған, ал себеттерді жеткізуді еріктілер жүзеге асырады.
««Ел тірегі — Елбасы» акциясы біздің отандастарымыздың бірлігі, қатысуы мен мейірімділігінің нақты үлгісі болып табылды. Акцияға көбіне-көп кәсіпкерлер, компаниялар мен қамқор қазақстандықтар қосылуда. Бүгін Болат Өтемұратов Қорының көмегі арқасында тағы 4 000 отбасы азық-түлік себеттерін алады», — деп хабарланады «Халық» Қайырымдылық қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кулибаеваның жолдамасында.
«Біз «Ел тірегі — Елбасы» акциясына қатысып, пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Бүгінгі күні біздің қоғамымыз бірігіп, мұқтаж жандарға көмектесуі керек, өйткені бұл барлық қиындықтарды жеңудің жалғыз жолы», — деп Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов атап өтті.
«Ел тірегі — Елбасы» акциясы 17 наурызда басталды. Акцияның бастамашысы – «Халық» Қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасыларға 15 000-нан астам азық-түлік себет таратты. Акцияны танымал кәсіпкерлер мен компаниялар қолдады — олардың көмегімен еліміздің барлық өңіріне тағы 16 000 азық-түлік жиынтығы жеткізілді.
Жалпы алғанда, акция аясында 1,7 миллионнан астам кг, салмағы әр отбасы үшін 50 кг-нан астам азық-түлік 35 000-нан астам отбасы алды.
«Халық» Қайырымдылық Қоры «Ел тірегі — Елбасы» акциясын 2021 жыл бойы бірнеше рет өткізуді жоспарлауда және бизнес қауымдастық пен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін қосылуға шақырады.